Өсімдік тіршілігіне қажетті құбылыстың бірі – суды буландыру. Өсімдіктер суды жапырақтары арқылы буландырады. Неғұрлым жапырақ тақтасы үлкен болса, соғұрлым су көп буланады. Су – жапырақ өңіндегі жанаспалы жасушалардың саңылаулары арқылы буланады. Егер, су жеткіліксіз болса, саңылау жабылып, булану тоқтайды. Өсімдікке су жетіспеген жағдайда, өсімдіктің өсуі баяулайды, солып, қурайды. Су өсімдік бойымен минералды тұздардың ерітіндісінің қозғалуы үшін қажет. Яғни, судың қатысуымен жапырақта органикалық заттар түзіледі.

Thumb

Су булануының маңызы

Булану процесі ыстық күндері жапырақты күн сәулесінен қызып кетіден сақтайды. Ауық – ауық суды буландырып тұратындықтан жапырақтар ыстық күндері жап – жасыл қалпында сақталады. Жапырақтың суды буландыруы фотосинтез процесімен тығыз байланысты. Жанаспалы жасушалардың саңылаулары арқылы жапыраққа көмірқышқыл газы енеді, су буланады. Жапырақта қант түзілу үшін күн сәулесі керек. Күн сәулесі жапырақты қыздырады, ал булану процесі арқылы жапырақ өз температурасын бірқалыпты сақтайды.

Thumb
Сексеуіл ағашы

Жапырақтардың ылғалды және құрғақ климатқа бейімделуі

Ылғалы мол жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтары ірі, қою жасыл түсті болып келеді. Және жанаспалы жасушалары да көп болады. Топырақтың, ауаның ылғалды болуы жапырақтардың үлкен болып өсуіне ықпал етеді. Ал, шөл, шөлейтті жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтары ұсақ, түкті болғандықтан суды аз буландырады. Кейбіреулері қабыршаққа айналып, түрін өзгерткен, бозғылт сұр түсті. Мысалға, Қазақстанда өсетін сексеуілдің жапырақтары өте майда қабыршаққа айналған. Жанаспалы жасушалыры тек жас өркендерінде болады. Фотосинтез процесі де жас өркендерінде жүреді. Сиырқұйрық өсімдігін түгелдей ұзын, киіздей тұтасып кеткен қалың түк басқан. Ұйысқан түктер судың булануынан сақтайды. Сортаңдау, құмды жерлерде өсетін құм қарағаны (қоянсүйек) мен шеңгел бұталарының жапырақтары майда. Күмістей жылтыр түктер болғандықтан суды аз буландырады. Егер, су жеткілікті болса жанаспалы жасушаларының арасындағы саңылаулары ашылып артық су буланады.[1]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.