From Wikipedia, the free encyclopedia
Жапырақ ширатқыш көбелектер (лат. Tortrіcіdae) – қабыршақ қанаттылар отрядына жататын ұсақ көбелек.[1]
Жапырақ ширатқыш көбелектер | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Bactra lancealana
| ||||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
Өзге түрі | ||||||||||||||||||||
Over 1000 genera Over 9,400 species | ||||||||||||||||||||
Subfamilies & Tribes | ||||||||||||||||||||
See also Taxonomy of Tortricidae for full list of genera. | ||||||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||||||
Olethreutidae |
Далалы және орманды-далалы белдемдер мен Азияның жалпақ жапырақты тропиктік ормандарында, сондай-ақ шөлді аймақтарда кездесетін 5000-нан астам, ал Қазақстанда 1000-ға жуық түрі белгілі. Жапырақ ширатқыш көбелектердің жайылған қанатының ұзындығы 8 – 40 мм. Алдыңғы қанаты ашық түсті, ал артқы қанаты сұр түсті келеді. Жасыл, қоңыр не сары түсті жұлдызқұрттары (ұзындығы 10 – 20 мм) өздері түзетін пілләсімен (жібек жіптерімен) өсімдіктің жапырағын орап жатады, көбелектердің аты осыған байланысты қойылған. Бұлардың ішінде өсімдіктің ұлпасын тітіркендіріп, галла (беріш) түзетін де түрлері бар. Жапырақ ширатқыш көбелектердің негізінен жұлдызқұрты қыстап шығады. Бұлардың көпшілігі – уылдырық шаруашылығы мен орман шаруашылықтарының зиянкестері. Мысалы, жеміс жегілері, емен ширатқыш көбелегі, т.б. Күрес шаралары: ерте көктемде ағашты фосфорлы, органикалық, бактериялық препараттармен, әр түрлі инсектицидтермен бүрку керек.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.