Жатаған
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жатаған (Halerpestes) - сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы. Азия мен Солтүстік Американың қоңыржай аймақтарында кездесетін 6 – 7 түрі белгілі. Қазақстанның құмды, саз топырақты жерлерінде өсетін екі түрі (сор жатаған, орыс жатағаны) бар. Бұлардың биіктігі 12 – 18 (25) см. Сабақтары жерге төселіп не жер бауырлап тырбиып өседі. Қысқарған өркендері бар. Жұмыртқа немесе бүйрек тәрізді жапырақтары сабағының түбінен шығады. Сары түсті ұсақ гүлдері ұзын сағағының ұшында жетіледі. Тостағанша жапырағы – бесеу, күлте жапырақшалары 5 – 12-ге дейін болады. Маусым – тамыз айларында гүлдейді. Жемісі жаңғақша. Жатағанды құмды, сай-салалардың жиегін бекітуге қолданылады.