Жауапкершілік[1] — адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі. Өсіп келе жатқан адамда жауапкершілікті тәрбиелеу - қазіргі заман өзекті мақсаты. Мұғалімнің өзінде де жауапкершілік болғаны жөн. Жауапсыз мұғалім - білім саласындағы енбейтін кұбылыс; ата-аналардың өз балалары тәрбиесі үшін жауапкершілігін белгілейтін заңды және өнегелі нормалар.[2]

Адамның қоғам алдындағы азаматтық борышын атқарумен бірге, өзіне жүктелген жауапкершілікті орындап шығуы оның кісілік беделін қалыптастырып, іскерлігін шыңдайды. Әр адам ерік-жігеріне, қайраты мен табандылығына қарай Жауапкершілікті әрқалай сезінеді. Жүктелген міндетіне жауапкершілікпен қарайтын адам туған-туыстары, жора-жолдастары, ұжымдағы қызметтестері, жалпы әлеумет алдында жоғары бағаланып, оған жауапты да күрделі істерді атқаруға сенім артады. Адамның мақсатына жетуі, ісінің сәтті болуы, көбінесе, оның жауапкершілікті сезінуіне тікелей байланысты болып келеді.[3][4]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.