From Wikipedia, the free encyclopedia
Жауторғай (лат. Passer montanus) - торғайлар тұқымдасының ең кішкене денелі биологиялық түрі. Топтасып ұшатын құс.
Жауторғай | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Adult of subspecies P. m. saturatus in Japan
| ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Passer montanus (Linnaeus, 1758) | ||||||||||||||
Afro-Eurasian distribution
Жазғы мекендеуі | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
|
Салмағы - 17-28 г, дене тұрқы 12,5 — 14 см.[2][3]. Біршама ашық реңді, аталығы мен аналығын бірінен-бірін сырттай қарап ажы- рату қиын. Өзге торғайлардан айырмашылығы - басындағы қоңыр реңнің екі жағындағы ашық ақ реңктегі дөңгелек қара түсті теңбілінің болуы. Едәуір ірі денелі үй торғайдан айтарлықтай икемді, ал дауысы әлдеқайда жоғары және сыңғырлап естіледі. Ересек торғайлар аралас жеммен қоректенеді, ал балапандары тек қана бунақденелілерді жейді.
Ұяларын ағаш қуыстарына және басқа қуыстарға орналастырады. Шымшықтарға арнап ілінген, кірер аузы едәуір үлкен, қолдан жасалған ұялау орнын пайдаланады. Бір жазда екі, тіпті үш рет балапан өргізеді. Салындыдағы 5-6 шұбар жұмыртқаларды аталығы және аналығы басады, олар балапандарын да бірлесіп қоректендіреді. Жаз соңында жауторғайлар басқа торғайларға қосылып астық егілген далаға барады да, дәнді дақылдар түсіміне айтарлықтай зиян келтіреді. Алайда бұлар-- қалада өте пайдалы құстар.
Сусыз шөлден және биік таулардан басқа жерлерде бүкіл Қазақстанға кең таралған[4]. Барлық жерде жеке жұптарымен отырықшы өмір сүреді[5].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.