From Wikipedia, the free encyclopedia
Жағалтай (лат. Falco subbuteo) - сұңқар тектес кішкене жыртқыш құс. Саятшылықта қолданылады, саят құстарының қатарына жатады. Түр-түсі жағал, бауыры ала болғандықтан жағалтай атанған. Ұсақ құстармен, қосмекенділермен қоректенеді. Аңшы, саятшылар қолға тез үйретеді.
Жағалтай | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Falco subbuteo Linnaeus, 1758 |
Дене түрқы 33— 35 см. Салм. 170—350 г., қанатының үз. 270 мм. мекиені мен қоразының түсі бір-біріне ұқсас, арқалары кара , бауырында ашық қоңыр теңбіл жолақтары болады. Жыл құсы. Қазақстанға сөуірдің аяғында үшып келіп, үясын ағаштың басына салады. Көбінесе басқа құстардың үясын пайдаланады. Маусым—шілде айларында ұясына 2—5-тен жұмыртқа салады, оны мекиені мен қоразы кезектесіп 28 күндей басады. Балапандары ұядан 30— 35 күнде ұшады. Қазан айының басында қыстауға Азия мен Африканың оңтүстігіне ұшып кетеді. Қазақстан аймағында кең тараған құс, тек Үстірт пен Бетпакдалада ғана жок. Жағалтай әр түрлі ұсақ сүт қоректілер, ұсақ құстар, кесірткелер, ірі насекомдармен қоректенеді.[2]
Жағалтай — сүң-қар түқымдасының ең ұшқыры, жемін ұшып жүріп аулайды.
Қазақстанда Үстірт пен Бетпакдаладан басқа барлық жерді мекендейді. Тұрқы 33-35 см, қанатының Ұзындығы 270 мм, салмағы 170-250 г. Мекиені мен қоразының түсі бір-біріне ұқсас, арқалары қара, бауырында ашық қоңыр теңбіл жолақтары болады. Тамағы мен мойнының екі жағы ақшыл, сирағы қауырсынсыз, сары түсті. Жағалтай — жыл құсы. Жетісуға сөуірдің аяғында келіп, қазанда жылы жаққа ұшып кетеді, ұясын ағаштың басына салады, көбінесе, басқа құстардың ұясын пайдаланады. Маусым-шілде айларында ұясына 2-5-тен жұмыртқа салады, оны мекиені мен қоразы кезектесіп, 28 күңдей басады. Балапандары ұядан 30-35 күнде ұшады. Жағалтай — сұңқар тұқымдасының ең ұшқыры, жемін ұшып жүріп аулайды. Жындан-жылға саны азаюда, соңдықтан қорғауды қажет етеді.[3][4]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.