Желатина, желатин (франц. gelatіne, лат. gelatus — тоңған, қатып қалған) — сарғыш түсті қоймалжың зат, коллагенді (біріктіруші тіндердің белогы) денатураттану өнімі. Тері, сүйек, шеміршек, сіңірлерді сілтімен қайнату арқылы алынады. Процесс коллагеннің денатураттануымен, оның полипептидтік тізбектерінің үзілуімен, амидтердің гидролизденуімен сипатталады. Желатина коллагенге тән үш орамды конформация түзу қабілетін сақтайды. Желатина кино, фотопленка жасауда, тамақ өнеркәсібінде, микробиологияда микроорганизмдерді көбейтетін қоректік орта ретінде қолданылады.[1] [2]

Дереккөздер

  1. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
  2. Қазақ энциклопедиясы,3 том
Тамақ желатинінің жұқа беті


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.