Жермай , керосин — С9 — С16 көмірсутектерінің қоспасы. Құрамында 23 — 60% қаныққан алифаттық, 24 — 58% нафтенді, 6 — 15% ароматты, 1%-ке дейін қанықпаған көмірсутектер болатын сұйықтық. Қайнау t 200 — 300° С; тығыздығы 0,790 — 0,846 г/см³. Негізінен, мұнайды дистилдеу арқылы алынады; күкіртті мұнайдан алынған жермайды гидротазалаудан өткізеді. Негізгі сорттары: авиациялық жермай (ауа-реактивті және газ-турбиналы қозғалтқыштарға отын ретінде қолданылады); жарық беретін жермай (жарық беретін және қыздырғыш шамдарда, металл кесетін аппараттарға және тұрмыстық құралдарға отын, химия өндірісінде еріткіш ретінде, т.б. қолданылады). [1]

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

720 мл мөлдірлендірілген жермай


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.