From Wikipedia, the free encyclopedia
Жеті Өгіз (қыр. Жети-Өгүз) — Қырғызстандағы Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауында, Қарақол қаласынан батысқа қарай 28 км жерде орналасқан көркем тау шатқалы.
Жеті Өгіз қыр. Жети-Өгүз | |
Жеті Өгіз шатқалындағы «Жараланған жүрек» жартасы. | |
Орналасуы | |
---|---|
42°19′49″ с. е. 78°14′23″ ш. б.42.33028° с. е. 78.23972° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қырғызстан |
Жеті Өгіз Ортаққорда |
Жеті Өгіз шатқалы Қарақол қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 25 км жерде оңтүстіктен Ыстықкөлді қоршап жатқан Теріскей Алатау жотасының солтүстік беткейіндегі аттас өзеннің алқабында орналасқан. Шатқалдың ұзындығы - 37 шақырымды құрайды. Ол қалың өсімдіктермен жабылған және «Жеті өгіз» қызыл жартастардың монументалды жотасынан осындай ерекше атау алды. Бұл жартастардың кереметтігі соншалықты, тіпті, олар 1968 жылы шығарылған кеңестік пошта маркаларында бейнеленген болатын. 2200 м биіктікте, жотаға жақын жерде емдік геотермалдық бұлақтарымен әйгілі Жеті Өгіз шипажайы бар. Тағы бір көрнекті жартас - әйгілі Жараланған жүрек жартасы, ғашықтардың нағыз зиярат орны.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.