Жеңілтілген қытай жазуы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Баспаға арналған каллеграфиялық үлгі. Сячжуань үлгісіндегі каллеграфия Квадратты стилдегі ироглифтер Ежелгі Қытайлықтар жазу өнерін қытай өркениетін аңыз ретінде қалыптастырған Хуан-дидің көмекшісі Цан Цзе ойлап тапты дейді. Ол адымен тау мен теңіздің; аң, құс, айдаһар және жыланның дініне қарап отырып, жазу белгілерін салған. Тағы бір нанымға сенетін болсақ, ежелгі жазу белгілерінің бір нұсқасы болып «Ауыспалы уақыт Кітабы» («Книга Перемен») саналады. Осылайша ежелгі қытайлықтардың көз алдындағы жазу, сонымен қатар, жазулар мен құбылыстардың көлеңкесін, олардың өзгертілген кесікіндерін де қосып алды. Бұл қытайлық ғалымдарға жазуды ой – еңбегінің жемісі, шығармашылық күш-жігер және елестетудің қосындысы ретінде қарауға мүмкіндік береді. Осылайша жазу өнері табиғат пен мәдениеттің, нақтылы заттар мен адам шығармашылығының бірлескен факторы ретінде жүрді. Бүгінгі күнге дейін белгілі болған ежелгі қытай жазуларының үлгісі б.з.д ІІ мыңжылдықтың ортасына жатқызылып, сүйектегі таңба ретінде бізге жеткен. Олар көбінесе пиктограмма түрінде табылған. Қазіргі күнге дейін Шань дәуірінің 5000-ға жазу белгілері анықталған, ал оның 1500-ы ежелгі иероглифтермен сәйкестендірген. Бұған қоса абстрактілі түсініктер мен белгілі бір затқа нормативті мағына беру тәсілі де табылған. Мысалы: 1, 2, 3 сәйкесінше горизонталь белгілермен белгіленген, ал «жақсы» түсінігі «әйел» және «бала» белгілерінің қосындысынан туындаған. Осылайша Қытай жазуы көру табиғатын қалыптастырған, яғни ауызекі тілден бұрын пайда болған. Сондықтан кейін ол Калмиграфиялық өнерді қалыптастырып, оны Қытайлықтар жоғары бағалаған.Жазудың көру стилінің қалыптасуымен қытайдың тілінде грамматикалық және синтаксистік формалар дамыған. Қытай иероглифі нақтылы зат пен абстрактілі түсінікті де қалыптастырды, бірақ онда морфологиялық белгілер, сөз таптары, шақ, түр көрсетілген. Сөздің мағанасы фразадағы орын тәртібі бойынша жүреді. Алдымен бастауыш, баяндауыш, толықтауыш және мекен пысықтауышы. Классикалық Қытай тілін екі топқа бөліп қарастыру қажет: ата және предиактив. Қытай жазуының табиғатына терең үңілсек, Чжау дәуірінде-ақ сәйкес сөздердің фонтикалық принциптері бойынша қалыптасқанын көруге болады. Иероглифтік кілттердің тізімі б.з басында қалыптасып, 214 белгі деп есептелінген. Олар белгілі бір заттар тобын қарастырады: «ағаш», «жәндік», «адам», «от», «су» т.б. Сөздердің дыбысталуын жазба белгілермен беруге талпынса да, Корея, Жапониядағы сияқты дыбыс әліппесі қалыптаспаған. Бұған кедергі болған Қытай тілінің дыбыстық тізгінінің ерекшеліктері. Қытай лексикасында 5000-дай сөз бар. Мұндағы әр буын көп мөлшердегі сөзге сәйкес келеді. Қытайлықтардың әліпбилік жазуға көшудің лингвистикалықтан басқа саяси және әлеуметтік себептері де болды.Б.з І мыңжылдығының ортасында жазба тіл таза кітабиге айналып, оны жоғары жақ бүгінгі күнге дейін дәріптеп келеді.