Жолбарыс хан
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жолбарыс Айтақұлы (1690 жылы – 1740) – Ұлы жүз ханы (1730 – 40). «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» соң Жолбарыс өзі билеген қазақ рулары мен Ташкент тұрғындары атынан Жоңғар хандығына тәуелділігін мойындап, жоңғар әскербасына алым-салық төлеп тұрған. 1733 жылы Ұлы жүз ханының елшілері Аралбай батыр мен Оразкелді Кіші жүздегі Ерәлі сұлтанмен бірге Ресейге барып, патшайым Анна Иоанновнаға Ұлы жүздің Төле би, Қодар, Сатай, Хангелді, Бөлек сынды батырларының атынан жазылған хатын тапсырды. 1738 жылы Жолбарыс Ресей бодандығын қабылдау ниетін білдіріп, Ресей үкіметіне хат жазады. 1738 жылы 19-қыркүйекте Анна Иоанновна Жолбарыстың атына арнайы грамота жолдап, оның тілегін қабылдағанын мәлімдеді. Бірақ жоңғар билеушілерінің қарсылығы және Ресей мен Ұлы жүз хандығы арасындағы саяси қарым-қатынастардың қалыптаспауы себепті Жолбарыстың саясаты жүзеге аспады. Жолбарыс 1739 жылы Абылай ханмен тізе қоса отырып, жоңғар басқыншыларына қарсы күрес ұйымдастырды. Соның нәтижесінде Ташкент, Сайрам қалалары жоңғар әскерлерінен азат етілді. Жолбарыс Ташкент тұрғындарының қолынан қаза тапты. Оның орнына Ташкенттің ұлысбегі болып Төле би тағайындалды.[1]
Жолбарыс-хан | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
1730 — 1740 | |||
Ізашары | Қарт-Әбілқайыр хан | ||
Ізбасары | Әбілфайыз хан | ||
Өмірбаяны | |||
Діні | Ислам | ||
Дүниеге келуі | 1690 (1690) Қазақ хандығы | ||
Қайтыс болуы | 1740 Сәуірдің 5 Ташкент | ||
Династия | Төре | ||
Әкесі | Айтақ сұлтан | ||
Балалары | Әбілфайыз хан, Әбілғазы хан ІІ | ||
өңдеу |