Жоңғар жершошағы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жоңғар жершошағы (Cynomorium coccineum var. songaricum[1]) — жершошақтар тұқымдасына жататын бір жылдық паразитті, шөптесін өсімдік. Көбінесе саңырауқұлақтың жеміс беретін денесіне ұқсас, түрі әдеттен тыс ерекше, гүлдесін өсімдікке ұқсамайды. Ол хлорофил түзбейді. Түрлі шөлде өсетін тамырлы, қоректік ақ тікен, сораң, жыңғылдардың есебінен тіршілік етеді.