Марат Төлегенұлы Жыланбаев
From Wikipedia, the free encyclopedia
Марат Төлегенұлы Жыланбаев (19 тамыз 1963 жыл, Қарқаралы ауданы[2]) — қазақстандық ультрамарафоншы, суретші, оппозиционер, жүгіруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері. «Гиннесс рекордтар кітабында» жеті түрлі рекорд иесі, тіркелмеген оппозициялық Алға, Қазақстан партиясының төрағасы.
Марат Төлегенұлы Жыланбаев | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
| ||||
1999 — 2007 | ||||
Партиясы | Партиясыз[1] | |||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | Алға, Қазақстан | |||
Діні | атеист[1] | |||
Дүниеге келуі | 19 тамыз 1963 (1963-08-19) (60 жас) Фрунзе совхозы, Қарқаралы ауданы, Қызылорда облысы, Қазақ КСР, КСРО[1] (қазіргі Аманжолов ауылдық округі)[2] | |||
Жұбайы | Жыланбаева Ақмарал Айтбайқызы (1974 туған) | |||
Балалары | ұлы Рүстем (1988 туған), қыздары Айдана (1994 туған), Азия (1998 туған), Анелья (2003 туған). | |||
өңдеу |
Жалпы 160 мың километрден астам жүгірген Жыланбаев, 2016 жылдың мәліметінше, — адамзат тарихындағы Азияның, Африканың, Аустралияның және Американың ең үлкен шөлдерін жүгіріп өткен бірінші және жалғыз спортшы.[3]
2023 жылдың мамырында Жыланбаев "тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты", "экстремистік ұйымды қаржыландырды" деген айыппен қамауға алынды,[4] қараша айында 7 жылға сотталды.[5] Азаттық радиосы[6] және бірнеше құқық қорғаушылары[7] оны «саяси тұтқын» қылып таныды. Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Жыланбаевтың босатылғанын талап етті.[8]