From Wikipedia, the free encyclopedia
Жүгіру, спорттық жүгіру – жеңіл атлетиканың негізгі бір түрі. Оның тегіс жерде әр түрлі қашықтыққа жүгіру (жүгіру жолымен және тас жолмен), кедергілі (барьерлі) жүгіру (сондай-ақ стипль-чейз), кросс, марафондық жүгіру сияқты түрлері бар. Археологиялық ескерткіштер жүгірушілер бәсекесінің ежелгі дәуірлерден бастап дамығанын көрсетеді. Б.з.д 776 жылы 1-ші Олимпиялық ойындар бағдарламасында жүгіруден жарыс өткен. Жарыс жолының қашықтығы 192 метр 27 сантиметрге тең болып, ол “стадидром” деп аталған. Яғни, сол кездегі жарыс өткен стадионның жалпы ұзындығына сәйкестеліп алынған. 17 ғасырдың орта кезінен бастап, Англияда кәсіпқой жүгірушілер пайда болды. Олар, көбіне, алыс қашықтықтарда сынға түсті. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде желаяқтар жарысы туралы аңыз, әңгімелер бұрыннан белгілі. Ереже бойынша жүгіру өнері қазақ топырағына 19 ғасырдың соңына таман жетті. Ресми жарыстар, негізінен, 20 ғасырда өтті. Жүгіруден қазақ жастары арасында бірінші болып Ғұсман Қосанов 17-ші Олимпиялық ойындарда (1960, Рим қаласы) 4*100 метрлік эстафеташылар бәсекесінде күміс жүлдегер атанды. Ал қысқа спринттік қашықтыққа жүгіруші Әмин Тұяқов 1966 ж. Еуропа кубогін еншіледі. Сонымен қатар (1966 – 2000 жылдар аралығында), С.Исамбаев, Ә.Байтықов, Е.Жамбылов, Б.Күреңкеев КСРО жарыстарында әр түрлі қашықтықтарда жүгіріп, елеулі табыстарға қол жеткізді. Кедергілі жүгіруден 2000 жылы О.Шишигина Сидней Олимпиядасының алтын медалін жеңіп алды; қ. Жеңіл атлетика.
-60 м ; -100 м; -200 м
-800 м ; -1500 м; -2000 м; -3000 м;
-5000 м ; -10000 м; -20000 м ; -30000 м .
100 м; 200 м ; 400 м; 800 м; 1500 м; 3000 м; 5000 м; 10000 м; 20000 м.
110 м ; 200 м ; 400 м .
-4х 100 м ; -4х 200 м ; -4х 400 м ; -4х 800 м ; -4х 1500 м .
-жүру қашықтықтары : 3 км , 5 км; -жүгіру қашықтықтары : 60 м , 100 м , 200 м , 400 м , 800 м , 1500 м , 3000 м; -марафон : 30000 м ; -кедергілер арқылы жүгіру қашықтықтары : 100 м , 200 м , 400 м ; -эстафеталық жүгіру қашықтықтары : 4х 100 м , 4х 200 м , 4х 400 м , 4х 800 м .
Дене шынықтыру : Жалпы білім беретін мектептің 3 - сыныбына арналған оқулық;
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.