Жұптұяқтылар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жұптұяқтылар (лат. Artiodactyla) – сүтқоректілер класының бір отряды.
Жұптұяқтылар Қазбалық ауқымы: 54–0 Ma Early Эоцен - Recent | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Кейбір жұптұяқтылардың алдыңғы оң сирағының сүйектері. Солдан оң жаққа қарай: доңыз (Жабайы шошқа), марал (Кермарал), түйе (Camelus bactrianus).
| ||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
| ||||||||||
К | ||||||||||
Бұлардың қазба қалдықтары эоцен дәуірінен сақталған. Арғы тегі ежелгі тұяқтылар – кондилартрлар деп есептелінеді. Жұптұяқтылар Жер шарында кең таралған. Австралия мен Жаңа Зеландияда да жерсіндірілген. Бұлар негізінен ашық алаңқайларды мекендейді.Жұптұяқты жануарлар, бегемоттан басқасы (ол суда да, құрлықта да өмір сүреде), тек құрлықта ғана тіршілік етеді. Кейбір түрлері су жағалауында, таулы өңірде, орманда да кездеседі. Арасында топталып тіршілік ететіндері мен жыл маусымдарына сәйкес қоныс аударып отыратын түрлері де (мысалы, ақ бөкен) бар. Жұптұяқтылардың 9 тұқымдасқа, 85 туысқа бірігетін 200-дей түрі белгілі. Жұптұяқтылар 2 отряд тармағына жіктеледі:
1) күйіс қайырмайтындар (Nonrumіnantіa), бұлардың 3 тұқымдасы (доңыз, бегемот, пекарьлар), 134 туысы, 19 түрі бар; 2) күйіс қайыратындар (Rumіnantіa), бұлардың 6 тұқымдасы (құдыр, бұғы, жираф, қуысмүйізділер, өгіз, бұғышақ), 255 туысы, 170-тей түрі белгілі.
Жұптұяқтылардың денесінің ұзындығы 52 см-ден 500 см-ге дейін, денесінің шоқтығына дейінгі биіктігі. 25 см-ден 350 см-ге дейін, салмағы 2 – 3 кг-нан 3 т-ға дейін жетеді. Негізінен өсімдікқоректі жануарлар, бірақ ішінде қорек талғамайтын түрлері де бар (мысалы, жабайы шошқа). Бұлардың алдыңғы және артқы аяқтарында 2 жұп башайы болады, атауы осыған байланысты қойылған. 1-башайы жойылған, ал үшінші және төртінші башайлары ұзын әрі жақсы жетілген. Күдір, бұғы,арқар,киік,сиыр,қой-ешкі,жираф,доңыз- бұлардың барлығы жұптұяқты сүтқоректілер.Осы жұптұяқтыларға жататын қой мен ешкіні қазақ халқы ашатұяқтылар деп те атайды. Жұптұяқтылардың кәсіптік маңызы зор. Бағалы терісі мен жүні, дәмді еті үшін жабайы жұптұяқтылар көп ауланады. Сондықтан бұлардың саны жылдан-жылға азаюда. Қазір жұптұяқтылардың 21 түрі, 14 түр тармағы Халықар. табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. Ал Қазақстанда 4 түрі және 5 түр тармағы Ұлттық «Қызыл кітапқа» енгізілген.