Жөке
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жөке ағашы (лат. Tilia) – құлқайырлар тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын ағаш.
Жөке | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Tilia tomentosa
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||
30 түрі белгілі |
Негізінен қоңыржай және субтропик белдеулерде өсетін 50-дей түрі белгілі. Жөке тұқымдасының Қазақстанның барлық жерінде өсетін бір ғана туысы, оның 1 түрі: өзекті жөке (T. cordata) бар. Биіктігі 28 м-дей. Бұтақ шоғыры цилиндр пішіндес, қабығы қара қоңыр, жапырағы дөңгелек, жиектері ара тісті иректі. Ақ сарғыш түсті ұсақ гүлі (5 – 7) хош иісті, қос жынысты. Олар бірігіп шашақ гүлшоғырына топталған. Тұқымы, бұтақшасы, тамыры арқылы көбейеді. Маусым – шілде айында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Жемісі – жаңғақша. Ол желмен, кейде кеміргіштер және құстар арқылы да таралады. Жөке 150 – 500 жыл жасайды. Жөкенің гүлінен дәрі жасалады және ара бал жинайды, сүрегінен жиїаз, музыкалық аспаптар, ыдыстар, әр түрлі әшекей бұйымдар, тінінен жөке, арқан жіп, тұқымынан май алынады. Алматы қаласындағы Бас ботаникалық бақта Жөкенің Америка Жөкесі, Амур Жөкесі, Кавказ Жөкесі, Манчжур Жөкесі, т.б. түрлері қолдан өсіріледі.[1]