Зимбабве
From Wikipedia, the free encyclopedia
Зимбабве Республикасы (ағылш. Republic of Zimbabwe [zɪmˈbɑːbweɪ], 1980 жылға дейін — Оңтүстік Родезия) – Оңтүстік Африкада орналасқан мемлекет. Замбиямен, Мозамбикпен, Ботсванамен және Оңтүстік Африка Республикасымен шектеседі. Жер көлемі – 390,8 мың км². Халқы – 12,6 млн. адам (1998). Негізгі тұрғындары – африкалықтар (шона, матабеле, тонга, т.б. халықтар), 100 мыңға жуық еуропалықтар да тұрады. Ресми тілдері: ағылшын, шона тілдері. Халқының көпшілігі (60%) дәстүрлі діни сенімдерін, кейбір бөлігі (30%) христиан дінінің католик тармағын ұстанады.
Зимбабве Республикасы ағылш. Republic of Zimbabwe Үлгі:Lang-sn | |||||
| |||||
Ұран: «Unity, Freedom, Work» | |||||
Әнұран: «Kalibusiswe Ilizwe le Zimbabwe» | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 18 сәуір 1980 жыл (Ұлыбританиядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілдері | ағылшын тілі, шона, солтүстік ндебеле | ||||
Елорда | Хараре | ||||
Ірі қалалары | Хараре, Булавайо, Читунгвиза, Мутаре, Гверу | ||||
Үкімет түрі | Президенттік республика | ||||
Президенті Бірінші вице-президенті Екінші вице-президенті |
Эммерсон Мнангагва Константино Чивенга Кембо Мохади | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 60-шы орын 390 757 км² 1 | ||||
Жұрты • Сарап (2016) • Санақ (2012) • Тығыздығы |
▲ 16 150 362 адам (73-ші) 12 973 808[1] адам 26 адам/км² (170-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2017) • Жан басына шаққанда |
33,872 млрд.[2] $ 2,276[2] $ | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2017) • Жан басына шаққанда |
17,105 млрд.[2] $ 1,149[2] $ | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,535[3] (төмен) (156-шы) | ||||
Валютасы | Доллар | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .zw | ||||
ISO коды | ZW | ||||
ХОК коды | ZIM | ||||
Телефон коды | +263 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC+02:00 |
Астанасы – Хараре қаласы (1,4 млн. адам). Ел 8 провинцияға бөлінеді.
Зимбабве – президенттік республика. 1980 жылы қабылданған Конституциясы (кейін ішінара түзетулер енгізілген) бойынша жалпыхалықтық сайлауда 6 жылға сайланатын президент Мин. Каб-н тікелей өзі басқарады (1987 жылы Р. Мучабе). Заң шығарушы орган – бір палаталы Ұлттық ассамблея 150 депутаттан тұрады. Олардың 120-сын халық сайлайды, 12-ін президент тағайындайды. Бұған қоса провинцияларды басқаратын 8 губернатор мен 10 тайпа көсемі парламент мүшесі болып табылады. Ұлттық мерекесі – 18 сәуір (Тәуелсіздік күні). Ақшасы – Зимбабве доллары.[4]