Зоология
From Wikipedia, the free encyclopedia
Зоология - (көне грекше: ζῷον „жануар“ көне грекше: λόγος – ілім) – жануарлар организмдерінің құрылысын, қалыптасуы мен дамуын, жүйеленімін (систематикасын), Жер бетінде таралуын, басқа организмдермен қарым-қатынасын, тіршілік ортасымен байланысын анықтайтын және тарихи даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым; биология ғылымының бір саласы. Зоологияның анатомия, гистология, физиология, зоогеография, жүйелендіру, палеозоология және филогенетика тәрізді көптеген салалары бар.