Зілғара Байтоқаұлы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Зілғара Байтоқаұлы, шын есімі Желқара (18 ғасырдың соңы, Көкшетау өңірі – 19 ғасырдың соңы, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Алуа көлі жағасы) – би. Жасынан ел басқару ісіне араласқан. 1822 – 24 жылдары Андағұл-Ырсай болысын басқарған. 1824 жылы Көкшетау округі ашылғанда аға сұлтан болып Ғұбайдолла Уәлиұлы, округ қазысы болып Зілғара сайланған. Ғұбайдолла аға сұлтандықтан бас тартқан соң орнына Зілғараны бекітеді. 1824 – 54 жылдары Тоқтамыс би екеуі кезек аға сұлтан болып округ басқарған. 1852 жылдың басында Зілғараға Ресей әкімшілігі тарапынан алтын медаль, подполковник шені берілген.
Мына мақаланы не бөлімін Зілқара шешен дегенмен біріктіруге ұсынылған. (Талқылауы) |