From Wikipedia, the free encyclopedia
Закария, Захария, Зәкария – пайғамбар, Құран Кәрім кейіпкері, Жақия пайғамбардың әкесі. Құран Кәрімнің “Әли Ғымран” сүресінде Мәриямға тәрбиеші таңдалғандығы, таңдаудың Закарияға түскендігі айтылады (44). Закария (ғ.с.) Аллаға: “Раббым! Маған қасыңнан игі ұрпақ бер. Күмәнсіз Сен тілекті естушісің” деп жалбарынады (38). Закария (ғ.с.) Хұжырада намаз оқып тұрғанда, періштелер оған: “Расында, Алла саған, Алладан болған әмірді растаушы, ел ағасы, нәпсісіне ие, игілерден бір пайғамбар болатын Жақиямен қуанышқа бөлейді” деп дауыстайды (39). Құран Кәрімнің “Әнбия” сүресінде Закария (ғ.с.) Туралы: “Сонда тілегін қабыл етіп, оған Жақияны бердік. Әрі жұбайын жақсарттық. Өйткені бұлар жақсылықтарға ұмтылады” (90) делінеді. “Мәриям” сүресінде Закарияның Алладан ұл сұрап жалбарынғаны, оған Жақия деген ұл бергендігі, сонда Закарияның михрабтан шығып, қауымына: “Ертелі-кеш Алланы дәріптеңдер” дегені айтылады (1-11). Ал Інжілдегі Закария туралы айтылған оқиғалар Құран Кәрімдегі Закария Пайғамбар (ғ.с.) Жөніндегі аяттармен, көбінесе, сәйкес келеді (1:5-9, 11-13, 15-16, 18-20, 22). Әйтсе де Інжілдің баяндауы бойынша, Закария Ұлы Иоан (Жақия) туғанша көзі көрмей қалады. Құран Кәрім мен Інжілдегі оқиғалар желісі бойынша кейін таралған аңыздарда Закарияның кейінгі тағдыры туралы айтылған. Ортағасырлық христиандық аңыздарда Закарияның әйелі Елизавета Ирод патшаның қуғындауына ұшырап тауға жасырынады, ал Закарияның өзін Ирод патшаның қызметшілері храмда өлтіреді. Закарияның аққан қаны құпия ғажайып тасқа айналады. Мұсылмандық аңыздарда ұлы Жақияны залым патша өлтіргеннен кейін, Закария Пайғамбар (ғ.с.) ағаштың діңгегіне жасырынады. Іздеушілер оны Ібілістің көмегі арқылы тауып алып, Закарияны ағашпен бірге бөліп тастайды.[1]
[2]
Ислам
мақалалар тізбегінің бөлігі |
Елшілер мен пайғамбарлар |
Адам ﵇ • Ыдырыс ﵇ |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.