Илие Думитреску (рум. Ilie Dumitrescu; 6 қаңтар 1969 жыл[1], Бухарест, Румыния) — румыниялық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы.
Quick Facts Жалпы мағлұмат, Туған күні ...
Илие Думитреску |
|
Жалпы мағлұмат |
---|
Туған күні |
6 қаңтар 1969 (1969-01-06) (55 жас)
|
---|
Туған жері |
Бухарест, Румыния
|
---|
Азаматтығы |
Румыния
|
---|
Бойы |
172
|
---|
Позиция |
шабуылшы
|
---|
Клуб жайлы ақпарат |
---|
Клуб |
клубсыз
|
---|
|
Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.
|
|
Close
Румыния Ұлттық футбол құрамасы сапындағы тұңғыш ойынын 1989 жылы 26 сәуірде Грекияға қарсы өткізді.
1990, 1994, 1998 жылғы әлем чемпионаттарына қатысты. Әсіресе 1994 жылғы әлем чемпионаты есте қаларлық болды: құрама ширек финалға дейін жетті. Дисквалификацияға ұшыраған Флорин Радучоюдың орнына шыққан Илие 1/8 финалда Аргентинамен ойында екі гол соқты, біріншісін қапталдан әуелете теуіп енгізді (бұл чемпионаттағы үздік голдардың бірі болатын). Бұл ойында Румыния 3:2 есебімен жеңіске жетті.
- «Стяуа»
- Румыния чемпионы (3): 1988/89, 1992/93, 1993/94
- Румыния чемпионатының қола жүлдегері (3): 1989/90, 1990/91, 1991/92
- Румыния кубогы (2): 1988/89, 1991/92
- Румыния кубогының финалисі: 1989/90
- Румыния суперкубогы: 1994
- Еуропа чемпиондары кубогының финалисі: 1988/89
- Румыния чемпионатының үздік мергені: 1992/93
- Кипр чемпионатындағы үздік бапкер: 2004