Ион
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ион (грек. iоn – жүріп келе жатқан) — кристалдардың дербес бөлігі ретінде немесе ерітінді құрамында, кейде газ түрінде ұшырасатын оң (катион) немесе теріс (анион) зарядталған атом (кешенді ион, яғни атомдар тобы).
Иондар – атомдар немесе химиялық байланысқан атомдар тобы электрондарын жоғалтып немесе сырттан электрондар қосып алғанда пайда болатын электрлік зарядталған бөлшектер. «Иондар» терминін 1834 ж. ағылшын физигі М.Фарадей Мұрағатталған 12 желтоқсанның 2012 жылы. (1791 – 1867) енгізген. Бөлшектерден электрондарды бөліп алу энергия шығынын қажет етеді, бұл энергия шығыны иондалу потенциалы деп аталады, ал электрондар қосылғанда энергия бөлінеді. Оң зарядты Индарды катиондар, ал теріс зарядты Иондарды аниондар деп атайды. Иондар газдарда молекулалардың (атомдардың) энергиясы жоғары бөлшектермен соқтығысуы кезінде (фотоиондалу кезінде), иондауыш сәулелер әсерінен не күшті электр өрісінің әсерінен, ал ерітінділерде еріген заттың диссоциациялануынан пайда болады. Сілтілік және сілтілік-жер металдары катиондарын биологиялық мембраналар арқылы тасымалдайтын органик. заттарды ионофорлар деп атайды. Ионофорлар биохимияда Иондардың тасымалдануын реттейді. Химияда Иондар экстракциялауда, мембраналық катализде, техникада электрод жасауда қолданылады.