Иордания
From Wikipedia, the free encyclopedia
Иордания (араб.: الأردن, Әл-Урдунн; толық атауы — Иордания Хашимит мәліктігі (араб.: المملكة الأردنية الهاشمية, әл-Мамляка әл-Урдуния әл-Хашимия)) — Батыс Азияда орналасқан мемлекет. Жер көл. 91,8 мың км². Халқы 5,4 млн. (1996). Астанасы — Амман қ. (1,6 млн.). Негізгі тұрғындары — арабтар. Бұдан басқа черкестер, шешендер, армяндар тұрады. Ресми тілі — араб тілі. Тұрғындары исламның суннит тармағын ұстанады. Иордания — конституциялық монархия (1999 жылдан король — Абдолла бен аль-Хусейн). Мемлекет басшысы — корольдің заң шығару және атқару билігінде бірдей құқықтары кеңейтілген. Заң шығарушы органы — 2 палаталы Ұлттық жиналыс. Жоғары палатаны (Сенат) король өзі тағайындайды. Төменгі палатаны (депутаттар) халық жасырын дауыспен сайлайды. Әкімшілік жағынан ел 8 аймаққа (мухафаз) бөлінеді. Ұлттық мерекелері: 25 мамыр — Тәуелсіздік күні (1946), 14 қараша — корольдің туған күні. Ақша бірлігі — Иордания динары.
Иордания Хашимит мәліктігі араб.: المملكة الأردنية الهاشمية (әл-Мамляка әл-Урдуния әл-Хашимия) | |||||
| |||||
Ұран: «Үлгі:Lang-ar2 (Аллаһ, Отан, Мәлік)» | |||||
Әнұран: [[әнұраны|«Үлгі:Lang-ar2 (Ас-салам әл-малаки әл-урдуни)»]] (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 25 мамыр 1946 жыл (Ұлыбританиядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | араб тілі | ||||
Елорда | Амман | ||||
Ірі қалалары | Амман, Эз-Зарка, Ирбид | ||||
Үкімет түрі | Дуалисттік монархия | ||||
Мәлік Премьер-министрі Аяндар жиналасы төрағасы Иордания |
II Абдалла Бишер Аль-Хасауна Фейсал әл-Файез Атеф Таравнех | ||||
Мемлекеттік діні | ислам | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 110-шы орын 89 342 км² 0,6 | ||||
Жұрты • Сарап (2019) • Санақ (2015) • Тығыздығы |
10 407 793[1] адам (86-шы) 9 531 712[2] адам 114 адам/км² (70-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
93,159 млрд.[3] $ (87-ші) 9,406[3] $ (86-шы) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
41,869 млрд.[3] $ (92-ші) 4,228[3] $ (95-ші) | ||||
АДИ (2017) | ▬ 0,735[4] (жоғары) (95-ші) | ||||
Валютасы | Иордания динары | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .jo | ||||
ISO коды | JO | ||||
ХОК коды | JOR | ||||
Телефон коды | +962 | ||||
Уақыт белдеулері | +2 |