Италия
From Wikipedia, the free encyclopedia
Италия (итал. Italia [iˈtaːlja], ресми атауы — Италия Республикасы (итал. Repubblica Italiana)) — Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 301,3 мың км2. Халқы – 62 млн адам. Халқының 94%-ы италиялықтар. Мемлекеттік тілі – италия тілі. Халқы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Рим (2,8 млн.). Бұған қоса Милан (1,6 млн.), Неаполь (1,2 млн.), Турин (1,1 млн.), т.б. ірі қалалар бар. Италия территориясында тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан-Марино) орналасқан. Әкімшілік-территориялық жағынан 20 облыстан тұрады. Оның 5-еуінің (Сицилия, Сардиния, Трентино-Альто-Адидже, Валле Д’Аоста, Фриули-Венеция-Джулия) ерекше автономиялық мәртебесі бар. Облыстар 94 провинцияға бөлінеді. Италия – парламенттік республика. 1948 жылы қабылданған конституция бойынша елді Президент басқарады (1992 жылдан О.Л. Скальфаро). Ол 7 жыл сайын қос палаталы парламент депутаттары мен облыстардан келген өкілдердің бірлескен жиналысында қайта сайланып отырады. Заң шығарушы орган екі палатадан: Республика сенаты (372 сенатор) мен Депутаттар палатасынан (630 депутат) тұрады. Атқарушы билік Министрлер Кеңесінің қолында. Ұлттық ақша бірлігі – лира. Ұлттық мерекесі маусымның алғашқы жексенбісі – Республиканың құрылған күні (2 маусым, 1946).
Италия Республикасы итал. Repubblica Italiana | |||||
| |||||
Әнұран: «Il Canto degli Italiani (Итальяндықтардың өлеңі)» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Құрылды | 17 наурыз 1861 жыл | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | италиян тілі | ||||
Елорда | Рим | ||||
Ірі қалалары | Рим, Милан, Неаполь, Турин, Палермо, Генуя, Болонья, Флоренция, Бари, Катания | ||||
Үкімет түрі | Парламенттік республика | ||||
Президенті Премьер-министрі Сенат президенті ДП президенті |
Серджио Маттарелла Марио Драги Мария Альберти-Казеллати Роберто Фико | ||||
Мемлекеттік діні | зайырлы мемлекет | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 71-ші орын 301 340 км² 2,4 | ||||
Жұрты • Сарап (2018) • Санақ (2011) • Тығыздығы |
▲ 60 359 546[1] адам (23-ші) ▲ 59 433 744[2] адам 201,3 адам/км² (63-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
▲ 2,443 трлн.[3] $ (12-ші) ▲ 40,470 $ (33-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
▼ 1,989 трлн. $ ▼ 32,947 $ (25-ші) | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,880[4] (өте жоғары) (28-ші) | ||||
Этнохороним | италиялық, италиялықтар | ||||
Валютасы | еуро (EUR, коды 978) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .it [5] | ||||
ISO коды | IT | ||||
ХОК коды | ITA | ||||
Телефон коды | +39 | ||||
Уақыт белдеулері | +1, жазда +2 |