Иық-бас көктамыры
From Wikipedia, the free encyclopedia
Оңжақ және солжақ Иық-бас көктамыры (кейде Брахиоцефалдық көктамыр, ағылш. brachiocephalic vein, немесе атаусыз көктамыр, ағылш. innominate vein) — жоғарғы кеудедегі мойынның ішкі көктамыры мен Бұғанаасты көктамырдың бірлігінен қалыптасады. Ол стерноклавикулярлық буын тұсында.[1] Сол жақ Иық-бас көктамыры әдетте оң жақтағыдан ұзынырақ.
Иық-бас көктамыры | |
---|---|
Қалқанша без және оның байланыстары. (Төменгі ортасында: "Оңжақ атаусыз көктамыр" және "Солжақ атаусыз көктамыр" белгілері көрінеді.) | |
Қолқа доғасы және оның тарамдары. (Оңжақ иық-бас көктамыры жоғарғы оң жақта белгіленген; солжақ иық-бас көктамыры ортаңғы жағында белгіленген.) | |
Латын тілі | vena brachiocephalica vena anonyma |
Прекурсор | Басталады: Мойынның ішкі көктамыры |
Бұл көктамырлар бірігіп жоғарғы көктамыр қуысын (superior vena cava) жасайды, ол ірі қантамыр болып, төс сүйек сабы (manubrium sternum) мен бірінші шеміршек қабырғасының (first costal cartilage) түйіскен жерінің артқы жағына орналасқан.
Иық-бас көктамырлары - жоғары қуыс көктамырына қан жіберетін негізгі тамырлар.