Иір
From Wikipedia, the free encyclopedia
Иір (лат. Acorus) – өзімен аттас тұқымдасқа жататын көпжылдық өсімдік. Оның тарамдалған тамырсабақтары үлкен, ұзындығы бір мертге дейін жетеді. Тармақталған сабақтарының ұшында жеке-жеке шоқталған ашық жасыл-сары түсті ұсақ гүлдері болады. Мамыр айының аяғынан бастап маусым айына дейін гүлдейді. Иір Ресейдің бүкіл Еуропалық бөлігінде, Кавказда, Сібірде, Орта Азияда кең тараған. Қазақстанның Шымкент, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында өседі. Көбіне өзен жағасы, шалшықты, сазды жерлерде өседі.
Quick Facts Иір, Ғылыми топтастыруы ...
Иір | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
түрлері | ||||||||||||
2 түрі белгілі | ||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||
Calamus Garsault |
Close