From Wikipedia, the free encyclopedia
Йоха́ннесбург (ағылш. Johannesburg [dʒoʊˈhænɪsbɜrɡ], африкаансша -{Johannesburg}- [joˈhɑnəsbʏrx]) — Оңтүстік Африка Республикасының ең үлкен қаласы. Елдің ең бай провинциясы, Гаутенгтің әкімшілік орталығы.
Елді мекен | |||||
Йоханнесбург | |||||
Johannesburg | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Провинция | |||||
Мэр |
Херман Машаба | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
26°08′42″ о. е. 28°03′01″ ш. б.26.14500° о. е. 28.05028° ш. б. (G) (O) (Я) | ||||
Құрылған уақыты |
1886 | ||||
Жер аумағы |
1644 км² | ||||
Уақыт белдеуі | |||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
4 434 827 [1] адам (2011) | ||||
Тығыздығы |
1962 адам/км² | ||||
Ресми тілі |
Ағылшын, африкаанс,зулу | ||||
Сандық идентификаторлары | |||||
Телефон коды |
+2711 | ||||
Йоханнесбург шекарасы
|
2011 жылғы халық санағы бойынша, халық саны 4 434 827 адам, ал қаланың Үлкен Йоханнесбург (Greater Johannesburg Metropolitan Area) агломерациясында 7 860 781 адам тұрады. Әлемнің 40 ең ірі қалаларының бірі. Жыл сайын халық саны қарқынды өсуде.
Елдің ең бай және дамыған қалаларының бірі. Қала маңында алтын және гауһар тас алынады.
2010 жылы Йоханнесбург қаласында Футболдан Әлем Чемпионатының ойындары өткізілген.
Йоханнесбург 1886 жылы аустралиялық алтын іздеуші Джордж Харрисон мекеннің Витватерсанд ауданының Ланглахте аумағында алғаш алтын тауып алған кезде қаланды. Бұл жаңалықты естіген басқа алтын іздеушілер дереу сол мекенге аттанды. Көптеген жұмысшылар, шахтерлер келгендіктен, сол кездегі Трансвааль республикасының үкіметі соларға арнайы ауыл құруды шешті. XIX ғасырдың соңына қарай қалада әлемнің түпкір-түпкірінен келген шахтерлер, қытайлық жұмысшылар, қара нәсілділер, маманданбаған жұмысшылар, еврейлер мен армяндар, үндістер және қашқындар өмір сүрген. Қаланың атауы мекеннің негізін қалаған архитекторлар - Йохан Риссик пен Йохан Юберт атымен аталған.[2]
Қаланың экономикалық өсуі британдықтардың назарын аударды. 1930-жылдары ОАР экономикасының дамуы барысында қала қарқынды түрде салына бастады.
1940-жылдардың соңында және 1950-жылдардың басында қаланың беделді Хилброу ауданында алғаш көп қабатты ғимараттар салына бастады.
1950-ші және 1960-шы жылдары қаланың оңтүстік-батыс бөлігінде қара нәсілді халыққа үлкен тұрғын аудан Соуэто салынған. Автомобиль жолдары салынды.
1960 және 1970 жылдары қаланың орталық бөлігінде офистік биік ғимараттар салынды.
Еуропалық режимнің құлау кезінде қаладан ақ нәсілділер қарқынды түрде көше бастады. Қалада есірткі мен ішімділер, қылмыс деңгейі өсті. Қазіргі кезде бұл мәселелер шешу үшін түрлі іс-шаралар қолданылады.
2010 жылы қаланың Соккер-Сити және Кока-Кола Парк стадиондарында Футболдан Әлем Чемпионатының ойындары өткізілді.
Қала теңіз деңгейінен 1753 метр биіктікте орналасқан. Елдің астанасы Претория қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 50 километр қашықтықта орналасқан.
Йоханнесбург субтропикалық климаттық белдеуде орналасқан. Қысы ашық және салқын, ал жазы жылы және ылғалды болып келеді. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері - 713 мм. Ең жылы кезеңі - қаңтар айы, орташа температурасы 19,7 °C, ең суық - маусым, орташа температурасы 10,3 °C.
Қаланың ауа-райы статистикасы[3]
Йоханнесбург ауа райы | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Көрсеткіш | Қаң | Ақп | Нау | Сәу | Мам | Мау | Шіл | Там | Қыр | Қаз | Қар | Жел | Жыл |
Абсолюттық максимум, °C | 33,7 | 33,5 | 31,7 | 29,3 | 28,0 | 24,1 | 24,4 | 26,6 | 31,7 | 34,1 | 33,6 | 32,3 | 34,1 |
Орташа максимум, °C | 25,6 | 25,3 | 24,1 | 21,9 | 19,4 | 16,9 | 17,0 | 19,7 | 23,3 | 24,3 | 24,7 | 25,3 | 22,3 |
Орташа температура, °C | 19,7 | 19,4 | 18,3 | 15,9 | 13,1 | 10,3 | 10,2 | 12,8 | 16,2 | 17,5 | 18,4 | 19,2 | 15,9 |
Орташа минимум, °C | 15,2 | 14,9 | 13,7 | 11,1 | 7,9 | 4,9 | 4,6 | 7,1 | 10,1 | 11,9 | 13,2 | 14,4 | 10,8 |
Абсолюттық минимум, °C | 6,0 | 8,9 | 4,2 | −0,6 | −3,5 | −7 | −5 | −3 | −2 | 2,4 | 0,2 | 4,1 | −7 |
Жауын-шашын нормасы, мм | 135 | 100 | 103 | 38 | 16 | 12 | 3 | 7 | 23 | 80 | 103 | 129 | 749 |
Дерекнама: Ауа райы және Климат |
2011 жылғы халық санағы бойынша, қалада 4 434 827 адам тұрады. Йоханнесбург - көпұлтты қала. Қара нәсілділер халықтың 73%-ын, ақтар -16%, түстілер -6% және азиаттар - 4%-ын құрайды.
24 жасқа дейінгі адамдар үлесі - 73%, ал 60 жастан асатын адамдар - 6%.
Қаладағы жұмыссыздық деңгейі - 37 %, соның ішінде 91%-ы қара нәсілділер.
2001 жылғы мәліметтер бойынша қала халқының 37,1% ағылшын тілінде сөйлейді, 17,3%-ы зулу, 16% африкаанс және 5,3% сото тілдерінде сөйлейді. Қалған 23,9% басқа тілдерде сөйлейді.
Қазіргі кезде ақтар саны қарқынды түрде кемуде (Көбісі елден көшіп кеткен).
Йоханнесбург - Оңтүстік Африка Республикасының экономикалық астанасы болып табылады. Қала елдің ЖІӨ-нің 16%-ын өндіреді. 2014 жылы Global Financial Centres Index рейтингі бойынша әлемдегі қалалар ішінде экономикалық және қаржылық бәсекелестігі бойынша 50-ші орынға ие болды. Қазіргі кезде қаланың маңында алтын өндірілмегеніне қарамастан, Йоханнесбургте әлемнің көптеген беделді корпорацияларының штаб-пәтерлері орналасқан. Өндіріс және қызмет көрсету салалары қаланың экономикасын толықтырады. Банктік істер, ақпараттық технологиялар, транспорт және Бұқаралық Ақпарат құралдары қала экономикасының маңызды салалары болып табылады.
Қалада Африка континетіндегі ең ірі және әлемдегі ең маңызды биржаларының бірі - Йоханнесбург Қаржы Биржасы (Johannesburg Stock Exchange, JSE) орналасқан.
Йоханнесбургте көптеген бақтар орналасқан. Соның ішінде:
Сонымен қатар, қалада көптеген мұражайлар бар: Африка мұражайы (MuseuMAfricA), Апартеид мұражайы (Apartheid Museum), Нельсон Мандела Ұлттық Мұражайы (Nelson Mandela National Museum), Оңтүстік Африка теміржолдар Ұлттық мұражайы (South African National Railway And Steam Museum) және Оңтүстік Африка әскери Ұлттық мұражайы (South African National Museum of Military History)
Қалада 2010 жылы Футболдан Әлем Чемпионатын өткізген екі ірі стадион орналасқан - Soccer City және Ellis Park (Coca-Cola Park).[4]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.