From Wikipedia, the free encyclopedia
Калибр (франц. calіbre) –
Bold textКалибрден кіші снаряд (Подкалиберный снаряд) — жоюшы бөлігінің диаметрі езі арналған зеңбірек калибрінен кіші болып келетін басты мақсаттағы артиллериялық снаряд. Ұңғы арнасымен дұрыс жүруі үшін калибрден кіші снаряд қарудың калибріне сәйкес жетекші құрылғымен жабдықталады. Калибрден кіші снаряд калибрінің кіші болуы қалыпты калибрлі снарядпен салыстырғанда оның салмағын азайтады, бұл нақтылы калибрдегі зеңбіректе снарядтың едәуір жоғары бастапқы жылдамдығына жетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, калибрден кіші снарядтың жетекші құрылғыдан бөлінгеннен соң, ұшуы кезінде снарядтың көлденең қима ауданы азаяды, бұл оның баллистикалық коэффициентінің жақсаруына себептеседі. Осы касиеттердің болуы нәтижесінде Калибрден кіші снарядта едәуір ұзақ (2 есеге дейін) атыс және тура ату қашықтығына жетуге болады, нысанаға дейінгі ұшу уақытын құрт қысқартады және әдеттегі қарулармен салыстырғанда сауыт бұзу және жылжымалы нысаналарды (ұшақтар, танктер және т. б.) жою мүмкіндіктері артады. Ұшуы кезіндегі тұрақтылығын қамтамасыз ету тәсіліне байланысты Калибрден кіші снарядтар айналатын және қанатты болып бөлінеді. Қанатты Калибрден кіші снарядтар жетекші құрылғылардың құрылысына қарай тегіс ұңғылы және ойықты зеңбіректерден атылуы мүмкін. Жетекші құрылғылар жеңіл металдардан немесе полимер материалдардан жасалады. Олар ұшу кезінде бөлінбейтін, ұңғы арнасынан ұшқаннан кейін бөлінетін және ұңғы арнасы бойымен қозғалыс кезінде сығылатын болып бөлінеді.
Калибрден үлкен снаряд (Надкалиберный снаряд) — корпусының ең үлкен диаметрі қарудың калибрінен артық болатын снаряд (мина). Калибрден үлкен снаряд, әдетте, салыстырмалы түрде жеңіл қарудан (қол гранататқыштан, кейбір минаатардан, кері теппейтін зеңбіректерден, т.б.) қысқа қашықтыққа бастапқы жылдамдығы аз атыс кезінде олардың қуатын жоғарылату қажет болған жағдайда жасалады және қолданылады. Зеңбірек (гранататкыш) Калибрден үлкен снарядпен ұңғы жағынан оқталады. Калибрден үлкен снарядтың ұшудағы тұрақтылығы тұрақтандырғыш арқылы қамтамасыз етіледі. Калибрден үлкен снаряд Бірінші дүниежүзілік соғыста кең қолданылған. Калибрден үлкен снарядка мысал ретінде американдық кері теппейтін "Деви крокет" зеңбірегінің ядролық оқ-дәрісін, германиялық фаустпатрон кумулятивтік гранаттарын, РПГ-2, РПР-7 қол гранаттарын, ПГ-2 және Г1Г-7 гранаттарын атауға болады. Оларды лақтыру активті реактивтік, реактивтік тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. [1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.