Калий
From Wikipedia, the free encyclopedia
Калий (лат. Kalium; К) — элементтердің периодтық жүйесінің I тобындағы химиялық элемент. Атомдық нөмірі 19; атомдық массасы 39,102; балқу температурасы 63,55•С; қайнау температурасы 760•С; тығыздығы 0,862 г/см3. Калийді 1807 ж. ағылшын химигі Г.Деви ашқан. Түсі күмістей ақ, жеңіл, жұмсақ, оңай балқитын металл. Негізгі минералдары сильвин, карналлит, кайнит.
| |||||
Жай заттың сыртқы бейнесі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Күміс-ақ жұмсақ металл
| |||||
Атом қасиеті | |||||
Атауы, символ, нөмірі |
Калий / Kalium (K), 19 | ||||
Топ типі | |||||
Топ, период, блок |
1, 4, s | ||||
Атомдық масса (молярлық масса) | |||||
Электрондық конфигурация |
[Ar] 4s1 | ||||
Қабықшалар бойынша электрондар |
2, 8, 8, 1 | ||||
Атом радиусы |
227 пм | ||||
Химиялық қасиеттері | |||||
Ковалентті радиус |
203±12 пм | ||||
Ван-дер-Ваальс радиусы |
275 пм | ||||
Ион радиусы |
133 пм | ||||
Электртерістілігі |
0,82 (Полинг шкаласы) | ||||
Электродты потенциал |
−2,92 В | ||||
Тотығу дәрежелері |
0; +1 | ||||
Иондалу энергиясы |
1-ші: 418,5 (4,34) кДж/моль (эВ)
| ||||
Жай заттың термодинамикалық қасиеттері | |||||
Термодинамикалық фаза | |||||
Тығыздық (қ.ж.) |
0,856 г/см³ | ||||
Балқу температурасы |
336,8 К; +63,65 °C | ||||
Қайнау температурасы |
1047 К; 773,85 °C | ||||
Балқу жылуы |
2,33 кДж/моль | ||||
Булану жылуы |
76,9 кДж/моль | ||||
Молярлық жылусыйымдылық |
29,6 Дж/(K·моль) | ||||
Молярлық көлем | |||||
Жай заттың кристаллдық торы | |||||
Тор құрылымы |
кубтық көлем-центрленген | ||||
Тор параметрлері |
5,332 Å | ||||
Дебай температурасы |
100 K | ||||
Басқа да қасиеттері | |||||
Жылуөткізгіштік |
(300 K) 79,0 Вт/(м·К) | ||||
Юнг модульі |
3.53 ГПа | ||||
Жылжу модульі |
1.3 ГПа | ||||
Моос қаттылығы |
0.4 | ||||
Бринеллий қаттылығы |
0.363 МПа | ||||
CAS нөмірі |
7440-09-7 |
Табиғатта тұрақты екі изотопы 39К, 41К және бір радиоактивті изотопы 40К бар. Таза Калийді оның балқыған қосылыстарын (KОН, KCl) электролиздеп не осы балқымаға Na қосып, КОН(KCl)+Na=NaOH(NaCl)+К реакциясы бойынша өндіреді. Калий ауадағы оттекпен жақсы әрекеттесіп, К2О – оксид, К2О2 – пероксид, КО2 – асқын пероксид түзеді.
Барлық металлоидпен, сумен, спирттермен жақсы әрекеттеседі, суда жанады. Таза Калий зертханада, синтетикалық каучук алуда, катализатор ретінде, су асты мен ғарышта асқын пероксидтен (4КО2+СО2=2К2СО2+3О2) оттек алу үшін қолданылады. 42К жасанды изотопы – химияда, медицинада және биологияда қолданылатын радиоактивті индикатор. Калий қосылыстары тыңайтқыш ретінде сіріңке, оқ-дәрі, ем-дәрі жасау, сабын өндіру, т.б. үшін пайдаланылады.