![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/4/4f/Count_of_Campomanes.jpg/640px-Count_of_Campomanes.jpg&w=640&q=50)
Кампоманес Педро Родригес
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кампоманес (Campomanes) Педро Родригес (Rodriguex) (01.07.1723 - 03.02.1802) — граф, испан мемлекетінің қайраткері, экономист, тарихшы, Испанияда «ағартушы абсолютизм» саясатын уағыздаушылардың ішіндегі көрнектілердің бірі. Кастилияның финанс министрі (1763-1789), корольдық кеңестің төрағасы (1789-1791), мемлекеттік секретары (1791-1798) болды. Кампоманес Р.П.-ге бағытталған реформалары өте мешеу феодалдық экономика жағдайында елеулі нәтиже бермеді. 1764 жылдан Кампоманес корольдық Тарих академиясын басқарды. Кампоманес П.Р. — экономика, құқық, тарих жөніндегі бірсыпыра еңбектердің авторы. Әсіресе оның Испанияның экономикалық тарихи жөнінде мол мағлұмат жинақталған еңбектерінің үлкен маңызы бар.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/4/4f/Count_of_Campomanes.jpg/640px-Count_of_Campomanes.jpg)