From Wikipedia, the free encyclopedia
Капитан Марвел (ағылш. Captain Marvel) немесе Шазам (ағ. Shazam) атымен әйгілі – ойдан шығарылған суперқаһарман, комикстердің кейіпкері, басында Fawcett Comics деген баспадан жарияланып, қазір DC Comics баспасы басып шығарады. 1939 жылы Чарльз Кларенс Бек атты суретші мен жазушы Билл Паркердің ойлап тапқан кейіпкері; ол алғашқы рет Whiz Comics #2 (1940 ж. ақпан) журналында басылып шықты. Капитан Марвел – Билли Бэтсон радиода репортер болып істейтін қиялды жасөспірімнің альтер-эгосы. Оны Шазам атты мейірімді сиқыршы суперқаһарман болу үшін таңдады. Әрдайым Билли сиқыршының атын айтқанда, оған сиқырлы жай түсіп, жасөспірімнен алты мифологиялық кейіпкердің қабілеттерімен ержеткен суперқаһарманға аударады.[1] Оның отбасы мүшелері, әлемге «Марвел отбасы» ретінде танымал,оның ішінде Мэри Марвел мен Капитан –Марвел және кейбір достары Биллидің күшін алып өздері «Марвел» ретінде танылады.
Капитан Марвел туралы хикаяларында ол «әлемдегі ең мықты» болып жарияланды, сонымен қатар оған «Big Red Cheese» («Үлкен қызыл ірімшік») деген жалған атты суперзұлым Доктор Сиван қойған: содан соң бұл эпитетті Капитан Марвелдің қастерлеушілер қабылдады. Комикстарды сату бойынша Капитан Марвел 1940 жылдардың ең әйгілі суперқаһарман болып танылды. Осының себебі 1940 жылдары Captain Marvel Adventures (қаз. Капитан Марвелдің хикаялары) комикстердің сериясы Супермен мен басқа суперқаһармандардың комикстеріне қарай сатылған даналардың мөлшері үлкенірек болғандықтан.[2][3] Капитан Марвел хикаяларын киноға түсірілген тұңғыш суперқаһарман болды: 1941 жылы Republic Pictures студиясы «Капитан Марвелдің хикаялары» атты телехикаясын шығарды.
1953 жылы Fawcett Comics осы кейіпкер туралы басылымды тоқтатты – бір жағынан оның себебі DC Comics екеуінің аралығында кейіпкердің костюмы авторлық құқықтың бұзылуы туралы таласып жүрген. DC Comics Капитан Марвелдің кейіпкері Суперменнің бейнесінің ерекшеліктерді заңсыз алғанын жариялады. 1972 ж. DC Марвел отбасының кейіпкерлеріне лицензияны алып өз комикстердің әлеміне қайтарды; алайда, кейіпкерлердің толық құқықтарын 1991 ж. сатып алған. Сол кезден бастап DC Капитан Марвел мен Марвел Отбасын DC әлеміне енгізіп, бірнеше рет кейіпкердің әйгілілігін қайтадан әуелгі деңгейіне келтіруге тырысты. Осыған қарамастан Капитан Марвел жас ұрпақтың арасында аты ойлағандай шыққан жоқ, дегенмен 1970 жылдары CBS арнасында қаһарман туралы Shazam! атты телехикаясы үш маусыммен көрсетілді.
Fawcett пен DC Капитан Марвелдің хикаяларын басылымның аралығында Marvel Comics өзінің Капитан Марвелін сауда таңбасын тіркеп қойғандықтан, DC Comics Капитан Марвел мен Марвел Отбасыны осы атымен комикстер нарығында қолдануға құқығы болмады. 1972 жылдан бастап оның орнына DC Shazam! сауда таңбасын осы кейіпкердің комикстердің атауын ретінде пайдаланған. Сондықтан Капитан Марвелді жиі қате «Shazam» деп атайды. 2011 ж. DC студиясының барлық комикстердің жаңадан басылғанынан кейін, Капитан Маврел кейіпкері бір жола «Шазам» деп аталды. [4]
National Comics баспасының жаңа суперқаһармандардың (Бэтмен мен Супермен) табысқа жеткенінен кейін, Fawcett Publications компаниясы 1939 ж. өзінің комикспен айналысатын бөлімін ашты. Fawcett Билл Паркер комикстердің сценарийшісін жұмысқа алып, оған Flash Comics атты сериясына бірнеше кейіпкер – қаһармандарды ойлап табуға тапсырыс берді. Жеңілмейтін Тырнақұтан, Жойқын Тыңшы (ағ. Spy Smasher), Алтын оқ, Лэнс О’Кейси, Скип Смит пен Дэн Дейраның хикаялардан басқа, Паркер алты суперқаһарманнан тұратын топтың хикаясын жазған. Әрбір суперқаһарманда берілген мифологиялық кейіпкерден ерекше күш – қуаты болған. Fawcett Comics компанияның атқарушы директоры Ральф Дайг алты кейіпкерді осы алты күш-қуатымен бір кейіпкерге біріктіруге шешім қабылдады. Паркер осы ұсынысты қабылдап, кейіпкерге «Капитан Гром» есімін берді.[5] Компанияда істейтін суретші Чарльз Кларенс Бек әрленімді жасап, Паркердің хикаясын безендірген. Бұл комикстің ерекшелігі – мультипликация стилі. «1939 жылы мен және Билл Паркер Fawcett тұңғыш комикспен жұмыс істегенде, суперқаһармандардың комикстері қаншама нашар жазғанымен безендіргенін екеуіміз де байқадық » - деп Бек берген сұхбатында атап өткен. «Біз өзіміздің оқырмандарға нағыз комиксті беруді шештік: комик-стрип стилінде бейнеленген және негізінде pulp-журналдардың мезі қылған формулары мен ескі ауыз әдебиеттің әңгімелері және классикалық мифтерді алып көркем хикаяны жаздық».[6]
1939 ж. күз мезгілінде Flash Comics № 1 пен Thrill Comics № 1 баспалардан жарнама болу мақсатымен басылған серияның алғашқы шығуының тиражы аз болған. Басылым шыққан соң Fawcett тез арада «Капитан Гром», «Flash Comics» және «Thrill Comics» атауларын пайдалануға болмайтынын білді. Сондықтан осы серияның атауы Whiz Comics өзгертіліп, Fawcett суретшісі Пит Костанца Капитан Гром есімі «Таңғажайып Капитан» (ағ. Captain Marvelous ) есіміне ауыстыруға ұсынды, бірақ та редакторлар осы есімді «Ғажап Капитан» (ағ. Captain Marvel) атауына дейін қысқартты. Сөздік көпіршіктер өзгеріліп, хикая мен кейіпкердің аты «Капитан Марвелға» ауыстырып, Whiz Comics № 2 хикаясы (1940 ж, ақпан айымен белгіленіп) 1939 жылдың аяғында жарыққа шыққан.
Капитан Марвелдің шабыт көздері әр түрлі адамдар болған. Оның сыртқы түрі Фред МакМюррейден, сол кезде әлемге әйгілі американдық актер[7], алынған, алайда оны Кэри Грант пен Джек Оукимен салыстырған.[8] Fawcett Publications қалаушысына Уиллфорд Фосеттке «Билли Бэтсон» лақапты беріп, осы лақапты Марвел кейіпкері алды.[9] Fawcett тұңғыш комикстары Whiz Comicsпен шабыттандырып Captain Billy’s Whiz Bang атауымен басылды.[10] Fawcett Суперменді әйгілі қылған кейбіреу элементтерін ( алып күш пен шапшандық, ғылыми-фантастикалық әңгімелер, репортердің альтер-эгосы ) алып Капитан Марвелға еңгізді. Fawcett маркетингтің директоры Кент Фосетт өз жұмыскерлеріне : «Маған екінші Суперменді жасап беріңдер, алайда оның альтер-эгосы ер кісі болмай, 10 немесе 12 жастағы ұл бала болсың» айтып берген.[11]
Нәтижесінде, Капитан Марвелдің альтер-эгосы 12 жастағы Билли Бэтсон атты ұл болды. Whiz Comics түпнұсқалық хикаясында баспанасыз газет қызметкері Билли бейтаныс жұмбақ кісімен құпиялы метроның туннеліне кірген. Жүргізушісіз оғаш көлік екеуін жеті адамдың қанқұйлы жау (Мақтаныш, Қызғаныш, Сараңдық, Өшпенділік, Өзімшілдік, Жалқаулық және Әділетсіздік) мүсіндерінің қасынан Шазам сиқыршының үңгіріне апарады. Сиқыршы Биллиге ересек суперқаһарман болуына күш беріп, оның өмірін көрсетіп, Шазамның басына құлап кетеді.Осыған қарамастан, сиқыршының аруағы мұржасыз темір пеш жаққанда, Биллиге кеңестер беретінін айтты. Капитан Мавер болу үшін Билли сиқыршының атын айтуға тиіс. Сиқыршының аты алты аңызға айналған адамдың дайын болған адамға өз күштерін беруге келіскен акронимы: Соломонның (Solomon) даналығы, Гераклдің (Hercules) күш-қайраты, Атластың (Atlas) табандылығы, Зевстің (Zeus) қуаты, Ахиллестің (Achilles) батылдығы және Меркурийдің (Mercury) жылдамдығы. Шазам сөзі сиқырлы жай шығарып, Билли Капитан Марвелға айналдырады; сөзді қайталап айтуы сиқыр жай қарама-қарсы әрекетті жасап, Капитан Марвелден Биллиге қайта айналдырады.
2011 ж. DC Comics өз комикстерін қайта басып, жаңа New 52 серияны құрастырды. Қайта басылған сериялардың бірі - Justice League - 2012 ж, наурыз айында № 7 басылымда Shazam! кейіпкердің хикаясын айтып берген.[12] Джефф Джонсон жазған және Гэри Фрэнк сурет салған басылысы Билли Бэтсон мен басқа кейіпкерлерді жаңа DC әлеміне әкелді.[13] Редизайнның ойы бойынша, Капитан Марвел Фрэнктің ойлап тапқан жаңа костюм және капюшоны бар плащты киетін болады.[14] Джонс ескерткендей: кейіпкердің осы әлемдегі орнында «алдыңғы басылымдарға қарағанда одан да көп сиқыры мен қиялы болады».[15] Кейіпкердің атауы осы кезде «Шазам» атына ресми түрде өзгертілді.[16]
Бұл жаңа серияда Билли Бэтсон Филадельфияда тұратын шадыр мінезімен 15 жастағы жасөспірім ретінде көрсетілген. Хикаяның басталған сәтінде ол бірнеше асырап алған отбасылармен тұрып, жаңа асырап алған отбасына барып өз тағдыры туралы ештеңе білмейді.[17] Жаңа отбасына көшіп келген соң оның ата-анасы мен бауырлары, оның ішінде Мэри Бэтсонның және Фредди Фриманның өзгерген кейіпкерлері, оны өз өмірлеріне қосуға тырысты. [18]
Ежелгі сиқыр жауынгер Қара Адамның аңызға тым әуестенген Доктор Шивана оның қабірін тауып ашқан кезінде кекшіл және қаңышер жауынгерді босатады.[19] Осы оқиға Сиқыршының (бұл комиксте атаусыз және еуропалық адамның орнына австралиялық абориген ретінде көрсетілген) назарын өзіне аударады. Мәңгілік Құз атты бекіністің сиқырын бақылаған жаратылыстардың соңғы қалған Сиқыршы болады; басқаларды Қара Адам қырып салған.[20] Сиқыршы адамдарды бірінен соң бірі сиқырымен ұрлап алып, олардың оның сиқырлы күштерінің мұрагер болу мүмкіншіліктерін бақылад[21], алайда әр адамның жаны бүтіндей таза болмағандықтан, олардан бас тартады.[20]
Сиқыршы Биллині соңғы үміткер ретінде Мәңгілік Құзына шақырған кезінде оның қаншалықты жаман екенін көріп, одан да бас тартады. Бірақта Билли бұл әлемде мүлде жақсы адам болмайтынын сендіріп, Сиқыршы осындай адамды таппай қалатынын айтты.[20] Биллимен келісіп те, өзі жақын арада ажалы келетінін біліп, Билли жақсы адам болуына потенциалы бар екенін көрді. Ол өз күш-қуатын Биллиге беріп, «Шазам» сөзін тек «жақсы ниетпен» айтуды өтінеді, өйткені жай сөздің ешқандай күші жоқ.[20] Биллисөзін айтқан соң жай ұрып, оны Шазам алып күші мен ұшу қабілеті бар қаһарманға айналдырады. Шазамды қайтадан жерге қайтарып, Сиқыршы жым-жылас болады. Билли өз құпиясын Фреддиге айтып, екеуі қаланың тұрғындарына ақшалай көмектесу жоспарын ойлаып табады.[20]
Капитан Марвелдің немесе Шазамның «альтернативтік» бейнелерінің бірталайы 1970 ж. DC басылымдарында жарық көрген.
Суперменде #276 (маусым 1974), «Супермен» «Капитан Гром» басқа жерден және басқа уақыттан келген суперқаһарманмен өзара келісе алмады. Арнайы дуаның арқасында Гром өзінің Құбыжықтың Жамандық Лигасынан қас дұшпанынан алданып болғаны, нәтижесінде Гром мен Суперменнің арасында шайқасына апарды. Капитан Гром капитан Марвелдің түпнұсқалық лақаптан алынған есімі. Оның костюмінде Капитан Марведің стилі көрініп тұр және оның альтер –«Вилли Фосетт» Fawcett Comics Капитан Марвелдің түпнұсқалық хикаяларына сілтеме ретінде байқауға болады. Оның сиқырлы сөзі «Гром!» (түпнұсқалық "Thunder!") 7 күш-қабілетінің акронимы. Айналдыру кезінде оның Т – Торандо (Tornado) күші, қоянның (Hare) жылдамдығы, Юнкастың (Uncas) батылдығы, табиғаттың (Nature) даналығы, алмаздың (Diamond) беріктігі, қыранның (Eagle) ұшуы, қошқардың (Ram) табандылығы қабілеттері пайда болады. Ол дуаға қарсы өз даналығын пайдаланған кезінде Супермен Капитан Громға көмектескен.
Суперменнің #276 шыққан басылымның кезінде DC "Shazam!" комикстерді басып шығарды, алайда оның әлемін басқа өз басылымдарының әлемнен 2 жыл бойы бөлек ұстаған. Әйтеуір екі жылдан соң шың Капитан Марвел Суперменмен Американың әділет Лига#137 кездескен, алайда Шазам! #15 1974 Қараша/Желтоқсан ол Лекс Лютормен кездесті.
1983 ж. Рой Томас, Дон Ньютон мен Джерри Ордвей Капитан Марвелді жаңартуға ұсыныс жасады.[22] Осы кейіпкердің нұсқасында ол басты DC әлемінің Жер-1 тұрғыны болып, Билли Бэтсонның афроамерикандық Вилли Фосетт (1974 ж, сияқты) атты нұсқасы болуға тиіс. Ол "Шазам!" сиқырлы сөзді атап, Жер- 1 ұлы азаматы Капитан Громға айналады.[22] Алайда осы альтернативтік бейнесі ешқашан пайдаланбаған.
2011 ж, Flashpoint атты комикстердің сериясы шығады. Оның оқиғалары Флэш жасаған альтернативтік уақытта өтеді. Флэш тарихты қалпына келтіру үшін осы әлемнің барлық қаһармандарға көмек көрсетті. Осы қаһармандардың бірі Капитан Гром; оның бір альтер-эго орнына 6 альтер-эгосы бар. Сонымен қатар айырмашылықтардың бірі Капитан Гром бетінде тыртықтарында. Осы тыртықтар оның альтернативтік Ғажап Әйелдің (бұл уақытта қаскүнем) кейіпкерімен соғысында пайда болды.
Алты бала - (барлығын бірге алғанда "S. H. A. Z. A. M." атымен әйгілі) – әрқайсысы shazam биліктің алтының бір бөлігіне ие болып, біріктіріп Капитан Громға айналуға үшін сиқырлы сөзді айтуға тиіс. Алты баланың ішінде азиялық ұл бала Юджин Чой, Соломонның даналығымен, латиноамерикандық толық ұл бала Педро Пенья, Геркулестің күшімен, Мэри Бэтсон, Атластың табандылығымен, Фредди Фримэн, Зевстің қуатымен, Билли Бэтсон, Ахиллдің батылдығымен және Дарла Дадди атты афроамерикандық қыз бала, Меркурийдің жылдамдығымен. Сонымен қатар жайдың сиқыры көмегімен жолбарыс – жануар Педро күш-қуаты көбірек өзінің нұсқасына айналуға қабілеті бар.[23]
Кейінірек алты бала Флэш пен оның одақтастарына Аквамэннің атлант әскерінің мен Ғажап Әйелдің шабандоз әйелдердің арасындағы болған соғысты тоқтатуға көмектесу үшін капитан Громға айналды. Гром аз уақытты Ғажап Әйелмен бірдей соғысып тұрған, әзірше Арбаушы (The Enchantress) сатқын Флэштің көмектесушінің арқасында қайта алты балаға айналған. Капитан Громға қайта айналуға алдында, шабандоз әйелдердің бірі Биллиді өлтірді. [24]
Осы мини- серия біткен соң Flashpoint комикстен үш жаңа бала Юджин, Педро мен Дарла DC басты әлемінде Билли, Мэри және Фреддидің асырап алған ағалы-қарындастары ретінде "Шазам!" сақтық еліктеу арқылы пайда болған.
Elseworld's Finest: Supergirl & Batgirl (1998) кітабының алтернативтік Elseworlds әлемінде Капитан Марвелді афро-американдық жарғақ бас түрінде бейнелеген.
Билли Бэтсон сиқырлы "Шазам!" сөзін айтып, Капитан Марвелға айналып, оның мынадай күштері бар:
S | Соломонның даналығын білдіреді
(ағ. Solomon) |
Капитан Марвел болған кезде Билли қипапсыз университеттердің біліміне, соның ішінде шет тілдер мен ғылымдарды біліміне ие. Ол эйдетикалық есі мен алғыр ақылының арқасында иеролифтерді оқып түсінеді, естігенін есте сақтайды және өте үлкен математикалық теңдеулерді шешіп отырады. Сонымен қатар ол қарапайым адамдардың әлемінде таңғажайып оқиғаларды түсінуге қабілеті бар.Соломонның даналығы оған керек жағдайда өз кеңесін береді. Алғашқы хикаяларда Соломонның күші адамдарды бағындырып әкету қабілетін берген. (Соломон осы тізімде грек-рим мифологиясына жатпайтын жалғыз кейіпкер.) |
H | Гераклдың күшін білдіреді (ағ. Hercules) |
Гераклдің күші Капитанға алып күш беріп, оны DC ең мықты кейіпкерлердің біріне аударады. Ол болтты оңай майыстырады, қабырғаны тесіп шығады және үлкен объектілерді (оның ішінде Оңтүстік Америка сияқты бүтін континенттер) көтере алады. Комикстерде оның күші Суперменнің күшімен қатарлас дамыды.[25] |
A | Атластың табандылығын білдіреді (ағ. Atlas) |
Атластың табандылығын пайдаланып Капитан Марвел төтенше шабуылдың түрлеріне қарсы тұрып, жарақатты шипалану қабілеті бар. Осыған қосымша ол тамақсыз, ауасыз әрі ұйқысыз өмір сүре алады да, ғарышта көмексіз аман қалуға алғырлығы бар. Дағдарысқа дейін Атластың табандылығы оған мығымдылықты беретінін есептеленген |
Z | Зевстің қуатын білдіреді (ағ. Zeus) |
Зевстің қуаты сиқырлы жайды оқтайды, кейін осы жай Капитан Марвелге айналдырады. Сонымен қатар барлық бұлшық еттің күші мен моральдық қабілеттерін нығайтып, сиқырлы дуаларға және шабуылдарға қарсылықты береді. Марвел сиқырлы жайды қару ретінде пайдаланып, өз мақсатына немесе қарсыласқа жай бастарына түседі. Сиқырлы жайдың бірнеше қолдануының түрлері бар: ол Марвелдің жарақаттарын емдей алады, сиқырлы дуаларды оқтайды және тағы да басқа қабілеттері бар. Мысалы, Биллиді уландырса, Капитан Марвелге айналуы оны сақтап қалады.[26] Дағдарысқа дейінгі бірнеше хикаяларда осы күш-қуаты оған мығымдылықты беретінін мәлімдеген.[27] Сонымен қатар, ол жайды басқа Марвел отбасының мүшелерін Капитан Марвелға айналдыруға үшін пайдалана алады. Бұл жай басқа өлшемдердің арада Мәңгілік Құзына апарады. |
A | Ахиллестің батылдығын білдіреді (ағ. Achilles) |
Бұл аспект Капитанға Ахиллестің батылдығын беріп, оны ер жүректі қаһарманға аударады. Бір хикаяда Ахиллестің батылдығы Капитан Марвелге ержүректілік дағдысын беретіні айтылған.[27] Trials of Shazam! мини-сериясында бұл аспект кейіпкерге шексіз мығымдылық қабілетін бергенін көрсеткен. Сонымен қатар осы аспекті Марвелге психологиялық шабуылдарына қарсы қорғауды береді. |
M | Меркурийдің жылдамдығын білдіреді
(ағ. Mercury) |
Меркурийдің жылдамдыығын пайдаланып, Капитан Марвел адамның күші жетпейтін жылдамдығымен жүгіре алады әрі ұшады, алайда тым ескі комикстерде ол үлкен қашықтыққа секіре алған. Сонымен қатар, Марвелге Мәңгілік Құзына ұшып келу қабілетін береді, өйткені ол орасан шапшаңдығымен жылжи алады. |
Капитан Марвел Wizard журналы жасаған барлық ұрпақтардың арасында танымал ең ұлы комикстердің кейіпкерлерінің тізімінде 55-орнына ие болды.[37] Ал IGN сайты Капитан Марвелді барлық ұрпақтардың арасында танымал ең ұлы комикстердің кейіпкерлерінің тізімінде 50-орынға қойды[38].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.