From Wikipedia, the free encyclopedia
Каструп (дат. Kastrup) — Копенгагеннің әуежайы, Даниядағы ең ірі əуежай. 1925 жылы салынған. Торнбюда (Tårnby) орналасқан — Копенгагеннің орталығынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 шақырым жерде орналасқан Амагер (Amager) аралының муниципалитеті.
Каструп әуежайы | |||
---|---|---|---|
IATA: CPH – ICAO: EKCH | |||
Қысқаша мәлімет | |||
Әуежай түрі | азаматтық | ||
Орналасқан орны | Копенгаген | ||
Coordinates | 55°37′05″ с. е. 012°39′22″ ш. б.55.61806° с. е. 12.65611° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Ұшып-қону жолақтары | |||
Жолақ бағыты | Ұзындығы | Айдыны | |
m | ft | ||
04L/22R | 3,600 | 11,811 | Асфальт |
04R/22L | 3,300 | 10,827 | Асфальт |
12/30 | 2,800 | 9,186 | Асфальт/Бетон |
Статистикасы(2015) | |||
Жолаушылар | 26,610,332 | ||
Отандық | 1,612,884 | ||
Халықаралық | 24,997,448 | ||
Ұшақ қозғалысы | 254,838 |
2012 жылы әуежай 23,3 млн. жолаушыға қызмет көрсетті (өткен жылмен салыстырғанда 2,7%-ға артқан).
Каструп Скандинавияның ірі əуежайларының бірі және Еуропада көлемі бойынша он жетінші әуежай. Scandinavian Airlines System (SAS) компанияның негізгі әуежайы ретінде пайдаланылады. Бұрында Sterling Airlines даниялық компаниясының әуежайы. Әуежайға 63 авиакомпаниялар қызмет көрсетеді, 111 жерге сапары бар.
Бүгінде әуежай үш терминалдан тұрады: Терминал №1 ішкі сапарлар үшін және 2 мен 3-ші терминал халықаралық сапарлар үшін.
Терминалдың алғашқы ғимараты «Ағаш сарай» 1939 жылы сәулетші Вильгельм Лауритценнің (Vilhelm Lauritzen) жобасы бойынша салынған жаңа ғимаратқа ауысты, артынша әуежайдың атауы Каструп әуежайынан Копенгаген әуежайына өзгертілді. Ескі ғимарартты сақтау жөнінде шешім қабылданды. 1939 жылдың 17-19 қыркүйегі ол батысқа қарай 3,8 шақырымға жылжытылды. Бұл Каструптің шығыс бөлігін босатуға әрі осы бағытта әуежайды кеңейтуге мүмкіндік берді.
1969 жылы құрылған Терминал №1 «Жеті кіші үй» деп аталатын жеті іргелес павильоннан тұрады. KHR сәулетшілерімен құрастырылған 6-шы зал 1989 жылы ашылды. Терминал №2-ге кіреберіс 2006 жылдың қазан айында ашылды.
Терминал №1 ішкі сапарлар үшін қолданылады:
Терминал №2 1964 жылы құрылған. 1999 жылға дейін Теминал №3 іске қосылғанға дейін тек халықаралық сапарлар үшін ғана қолданылды. Терминал №2-нің құрылысына байланысты Копенгагеннің жаңа айырым белгісі «Төрт жел» салынды.
Терминал №2 келесі әуекомпаниялармен пайдаланылады:
Әуежайдың ең жаңа терминалы 1998 жылы құрылған. Сондай-ақ ол Данияның өзге аймақтары мен Швецияның саяхатшыларымен Эресун көпірі арқылы өтетін пойыздарға теміржол бекеті ретінде де жұмыс істейді. 2007 жылдың қазан айынан Терминал №3-ке копенгагендік метрода (M2 желісі) жету мүмкін болды. Метроның бекеті терминалдың солтүстік бөлігінде орналасқан. Терминал №3 SAS Ground Service қолданатын SAS және көптеген әуекомпаниялардың негізгі терминалы болып табылады. Пойыздар келіп тоқтайтын ғимарат пен «Hilton Copenhagen Airport» мейманханасы Вильгельм Лауритценнің жобасы бойынша салынған.
Терминал №3 келесі әуекомпаниялармен пайдаланылады:
Копенгаген әуежайын «Копенгаген әуежайлары» ААҚ-ы (сондай-ақ Роскилле әуежайын) басқарады. Компания жарым-жартылай мемлекеттік болып табылады, сондай-ақ ірі акционер болып аустралиялық Macquarie Airports табылады .
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.