Павлодар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Павлодар — Қазақстанның солтүстік-шығысындағы қала (1861 жылдан), өзімен аттас облыс орталығы (1938 жылдан), ірі темір жол станциясы, өзен айлағы және әуе порты. Павлодар қаласы Ертіс өзенінің жағасында орналасқан. Қаланың климаты орташа, күрт континенталды. Облыс орталығының ауданы 633 шаршы км құрайды, 01.05.2023 ж. халық саны 367,7 мың адам. Қала аумағының құрамына Кенжекөл ауылдық округі, Атамекен кенті, Павлодар, Мойылды, Жетекші ауылдары кіреді.
Қала | |||||
Павлодар | |||||
| |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел |
ҚазақстанҚазақстан | ||||
Статусы |
Облыс орталығы | ||||
Облысы | |||||
Әкімі |
Хасар Айтпекұлы Хабылбеков | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
52°18′ с. е. 76°57′ ш. б.52.300° с. е. 76.950° ш. б. / 52.300; 76.950 (G) (O) (Я) | ||||
Құрылған уақыты |
9 ғасырдың басы (Имакия) | ||||
Қала статусы |
1861 | ||||
Жер аумағы |
633,3 км² | ||||
Уақыт белдеуі | |||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
367,7 мың адам (2023[1]) | ||||
Ұлттық құрамы |
қазақтар 49,35 % | ||||
Этнохороним |
павлодарлық | ||||
Сандық идентификаторлары | |||||
Телефон коды |
+7 7182 | ||||
Пошта индекстері |
140000 — 140017 | ||||
Автомобиль коды |
S, 14 | ||||
Павлодар қаласының әкімдігі | |||||
Ортаққордағы санаты: Павлодар |
Павлодар-тарихи терең бай көп этностық қала. Қимақ қағанаты кезінде, қазіргі қала аумағында қағанат билеушісінің жазғы резиденциясы болған ортағасырлық Имакия қаласы орналасқан. 1720 қаланың орнында форпост пайда болды, 1838 жылы форпост станицаға айналды, ал, 1861 жылы сәуірде Павлодар атаумен штаттан тыс қала мәртебесін алды. 1868 жылы қала уездік мәртебеге ие болды, 1938 жылы Павлодар облысының орталығына айналады.
Қала республиканың негізгі өнеркәсіптік аймақтарының бірі. Үлкен табиғи-ресурстық қор, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның болуы, жоғары ғылыми-техникалық әлеует, дамыған банк саласы, шағын және орта бизнестің серпінді дамуы, жоғары дәрежелі мамандардың болуы, Орталық Азия мен Сібір арасындағы рөлді байланыстыратын қазіргі заманғы көлік-коммуникациялық инфрақұрылым әр түрлі елдер мен континенттердің өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің назарын аударады.