From Wikipedia, the free encyclopedia
Киото (жапон. 京都 Kyōto-shi) — Жапонияның үкіметінің жарлықтары бойынша белгіленген қала; халқы шамамен 1,5 млн адам. Хонсю аралының орталығында, Кансай регионының орталығында орналасқан. Киото префектурасының орталығы болып келеді.
Жапонияның белгіленген қалаларының бірі | |||||
Киото | |||||
жапон. 京都市 | |||||
Үстінен астыға, сол жақта оңға: То-дзи, қазіргі Киотодағы Гион мацури, Фусими Инари храмы, Киотоның Императорлық сарайы, Киёмидзу-дэра, Кинкаку-дзи, Понто-тё пен Майко аудандары, Гинкаку-дзи храмы, Киото қаласының орталығы, Киото мұнарасы | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Префектура |
Киото | ||||
Ауданы |
827,83 км² | ||||
Мэр |
Даисаку Кадокава | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
35°01′00″ с. е. 135°45′00″ ш. б.35.01667° с. е. 135.75000° ш. б. (G) (O) (Я) | ||||
Құрылған уақыты |
794 жыл | ||||
Бұрынғы атаулары |
Хэйан | ||||
Киото шекарасы
|
794 жылдан 1984 жылға дейін Жапонияның астанасы болды.
Қала Киото таулары мен ойпаты маңайында орналасқан. Таулардың жарылған жерлері қаланың шекарасының рөлін атқарады.
Киотоның теңізге шыға алмағандығы және оның жалпы орналасуы климатының қоңыржай және континенттік болғандығына себеп болып келеді. Тамыздағы орташа жоғары температурасы – 28,2 °C болғанымен қаланың климаты суық және құрғақ. Маусымнан қыркүйекке дейін жаңбыр жауатын мезгіл болып келеді. Жылғы жауын шашын орташа мөлшері 1491 мм.
1568 жылы Киото регионалды басшы Ода Нобунага басшылығында болады. Ол қираған қаланың қайта құрылуын бастады. Ода Императорлық сарайын мен Нидзё мұнарасын қалпына келтіреді де, астананың экономикалық жағдайын дұрыстайды. Оның қорғауының астында қалада Иезуиттер бастаған христиан миссиясы жүреді. Одадан кейін болған Тоётоми Хидэёси өзінің ізашарының жоспарын жалғастырады. 1590 жылы ол қалада жаңа жол жүйесін құрастырады, кварталға бөліну жүйесін енгізеді де, қаланың орталығында орналасқан монастырьлерді Тэраноути ауданына көшіреді. Киотода Дзюракудай сарайының, Ниси-Хонгандзи монастырінің және қала маңындағы Фусими мұнарасының құрыстырады.
Токугава сёгунатының құрылуыан кейін мемлекеттің саяси ордасы Эдо қаласы болып кетеді. Алайда, Киото Жапонияның астанасы мен Император резиденциясы болып қала берді. Киото қаласының қауіпсіздігін сақталуы мақсатымен Токугава Иэясу Нидзё қамалын салады.
XVII—XIX ғасырларда Киото елдің ең бай қалаларының бірі болады. Оның халық саны 400 мың адам болды және ол Жапонияда Эдо мен Осакадан кейін ең үлкен қала болған.
1864 жылы өрттен Киото қатты зақымданады, қаланың көпшілігі зардап шегеді, 28 мың үй толықтай жойылады. жылы Киотода Мэйдзи жаңғыртуы өтеді, және Император астананың Токиоға аты өзгерген Эдоға көшірілуін жариялайды. Император сарайының көшуіне байланысты Киото өзінің мың жылдық Астана атағын жоғалтады.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Киото американдықтардың атомдық жаруға жоспарланған қалалардың бірі болған. Осының себептерінің бірі – қаланың ауқымдылығы. Алайда бұған АҚШ Әскер министрі Генри Стимсон қарсы болған, өйткені ол Киотода өзінің бал айын әйелімен бірге өткізген. Оның сөзі бойынша, жапондықтардың ежелгі мәдениеттік және діни орталығының бұзуы АҚШ абыройына зақым келтіреді. Лесли Гровс пен басқа комитет мүшелерінен қолдауды ала алмаған Генри Президент Труманға жүгінеді де, оны көндіртеді.
Киотоның ауа райы | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Көрсеткіш | Қаң | Ақп | Нау | Сәу | Мам | Мау | Шіл | Там | Қыр | Қаз | Қар | Жел | |
Орташа максимум, °C | 8,5 | 9,2 | 12,8 | 19,6 | 24,4 | 27,3 | 31,3 | 32,9 | 28,3 | 22,3 | 16,8 | 11,3 | |
Орташа температура, °C | 4,0 | 4,5 | 7,6 | 13,9 | 18,7 | 22,4 | 26,5 | 27,7 | 23,4 | 17,1 | 11,5 | 6,5 | |
Орташа минимум, °C | 0,3 | 0,7 | 3,0 | 8,7 | 13,4 | 18,2 | 22,7 | 23,7 | 19,5 | 12,7 | 7,0 | 2,3 | |
Жауын-шашын нормасы, мм | 50,4 | 65,8 | 110,6 | 151,8 | 153,7 | 247,6 | 234,6 | 142,8 | 202,6 | 112 | 69,5 | 39,8 | |
Дерекнама: www.climate-charts.com |
№ | Қазақша аты | Жапонша аты | Ауданы[1] | Халық саны[1] | Тығыздығы[1] |
---|---|---|---|---|---|
01 | Камигё | 上京区 | 7,03 | 85 113 | 12 107,1 |
02 | Кита | 北区 | 84,88 | 119 474 | 1259,2 |
03 | Минами | 南区 | 15,81 | 99 927 | 6320,5 |
04 | Накагё | 中京区 | 7,41 | 109 341 | 14 755,9 |
05 | Нисикё | 西京区 | 59,24 | 150 962 | 2548,3 |
06 | Сакё | 左京区 | 246,77 | 168 266 | 681,9 |
07 | Симогё | 下京区 | 6,78 | 82 668 | 12 192,9 |
08 | Укё | 右京区 | 292,07 | 204 262 | 699,4 |
09 | Фусими | 伏見区 | 61,66 | 280 655 | 4551,7 |
10 | Хигасияма | 東山区 | 7,48 | 39 044 | 5219,8 |
11 | Ямасина | 山科区 | 28,70 | 135 471 | 4720,2 |
Халық саны – 1 464 890 адам (1 қазан 2020), және тығыздығы — 1769,55 адам./км².
Киото қаласының 10 бауырлас қалалары бар.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.