From Wikipedia, the free encyclopedia
Коктейль — әртүрлі ликер-арақ өнімдері, жүзім шараптары, коньяк, ром, шырындар, жеміс-жидектер, қаймақ, жұмыртқа, бал қоспаларынан әзірленетін ішімдік.[1] Әдетте коктейльдер ашық және әр алуан түсті болып келеді. Қолданылу мақсатына қарай коктейльді ащы (ішімдік орнына) және десертті (десертке береді) етіп әзірлейді. Коктейльді арнайы металл ыдыста араластырады. Оның орнына термосты да пайдалануға болады. Кейбір коктейльдер мұқият араластыруды қажет етпейді, оларды тікелей бокалдарда немесе фужерлерде әзірлейді. Коктейль миксерде өте тез және оңай дайындалады.[2]
Коктейль (ағыл. cocktail — шығу тегі таласқа түсуде) - бірнеше сұйықтықты қосу нәтижесінде алынатын сусын. Коктейльдің алкогольді (алкогольді бір немесе бірнеше ішімдіктер) және алкогольсіз түрлері бар. Кейде коктейль ішілетін кештер де "коктейльдер" деп аталады. Мұндай кештер көбіне дипломатиялық және элиталық орталарда өткізіледі.
Алкогольді коктейльдерді джин, виски немесе ром негізінде жасайды, ал соңғы кездері арақ пен текила негізді коктейльдер танымал болуда. Осыдан басқа, қосындылар ретінде, сан қилы ликерлер, бал, сүт (немесе кілегей), қоспалар және т.б. пайдаланылады. Қоспалы өзге сусындардай емес, коктейльдерде барлық құрауыштардың мөлшерін дәлме-дәл көрсету болмайды. Тек негізгі бөліктердің пропорциясын ғана (½,¼,¾ және т.б.) көрсетеді. Бір коктейльдің мөлшері әдетте 75-100 мл (лонгдринктерге қатысы жоқ) болады.
Коктейльдің құрамына кіретін заттардың бір-бірімен араласу деңгейіне байланысты барлық қосындылар төмендегі әдістер бойынша жасалады:
Коктейль құйылған бокалдар әдетте лимон немесе өзгедей цитруспен безендіріледі немесе кішкентай сабан талымен қоса беріледі.
Алкогольді коктейльдер әдетте 3 үлкен топқа бөлінеді:
Сондай-ақ көптеген дәстүрлі коктейль (пунш және флип, XVII ғасырдан бері тарихы бар) түрлерімен қатар жаңа танымал болып келе жатқан кабаттық коктейльдер, пунш, флип, хайболл, кобблер, коллинз, джулеп (ағыл. Julep), сауэр, эгг-ног секілді т.б. коктейль түрлері бар. Уақыт өткен сайын коктейльдер құрамы мен түрлері ауысуы мүмкін, мысалы, эгг-ног флиптен кілегей қосумен ерекшеленсе, ал соңғы он жылдықта кілегей көптеген коктейльдердің құрамына тұрақты түрде қосылуда. Белгілі бір түрлеріне байланысты коктейльдер негізіне қарай, мысалы, арақ, джин, виски, бренди, текила, ром, ликер, шарап, шампан және сыраға негізделе отырып ерекшеленуі мүмкін.
Алкогольсіз коктейльдердің ішіндегі ең танымалы сүт немесе шырын негізіндегі коктейль түрлері. Моктейль (mocktail) - бұл алкогольсіз коктейльдің белгілі бір түрі болып саналады. Әсіресе Үндістан мен АҚШ-та өте танымал.
Оттегілік коктейльдер - оттегі мен шырындарға шипалы шөптерден жасалған тұнбалар қосылған көбік. Оттегілік коктейльдер көптеген аурулар мен адамның жалпы ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін арнайы жасалатын сусын болып табылады. Қазіргі таңда ол жастар арасында үлкен сұранысқа ие[3].
Ақуыздық коктейльдер соя мен сүттің ақуыздарынан, сонымен қатар көміртектер мен майлардан тұрады. Дегенмен бұл коктейльдегі майлар мен көміртектер мөлшері адамға тәулігіне қажетті нормадан әлдеқайда аз мөлшерде болады. Сонымен қатар коктейль құрамында қажетті витаминдер мен минералдар да бар және адамға қажетті мөлшерде қосылған. Бұл коктейльдерді көбіне диета ұстағысы келетін әйелдер пайдаланады[3].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.