From Wikipedia, the free encyclopedia
Колима - Мексикадағы ең белсенді жанартау. Колима батыста Мехикодан 485 шақырым, ал оңтүстікте Халиско штатының орталығы - Гвалдахарадан 125 шақырым қашықтықта орналасқан. 1935 жылдан бері, 1990 жылдағы шағын атқылауларды қоса санағанда, жанартау 40 рет атқылаған. Жанартауға ғылыми мониторинг жасау 20 жыл бурын басталған болатын. Жанартау кешенінде екі шың бар. Біріншісі - Невадо-де-Колима, оның биіктігі - 4330 м. Бұл көне шың. Ал екіншісі - жас әрі белсенді Волкан-де-Колима жанартауы. Биіктігі - 3860 м. Колима жанартауы бес миллион жыл бойы белсенділік танытқан. Кейінгі плейстоцен дәуірінде тауда көшкін жүрген. Соның нәтижесінде тау жыныстарының сынықтары 120 шақырымға жылжи отырып, Тынық мұхитына жеткен. Колима 1991 жылдан бастап осы уақытқа дейін атқылауда. Жанартаудың тек кішкене бөлігі ғана Колима штатының аумағына кіреді. Оның көп бөлігі көрші Халиско штатында, Едже Волканик Транверсал тау тізбегінің батыс жағында жатыр. Қазіргі уақытта жанартау көшкін мен үлкен атқылаулар нәтижесінде пайда болған ірі кальдераның ішінде тұр. Колима жанартау кешені Батыс Мексикадағы жанартау белдеуінің ең белгілі жанартау ошағы болып табылады. 2005 жылы Колима жанартауы 5 шақырым биіктікке дейін атқылады. Колима жанартауы Орталық Америкадағы ең белсенді әрі қауіпті жанартау.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.