From Wikipedia, the free encyclopedia
Үлгі:Marxism
Коммунистік партияның манифесі (Manifest der Kommunistischen Partei {{{4}}}) — алғаш рет 1848 жылғы ақпанның 21-інде жарияланған, дүниежүзілік тарихтағы ең ықпалды саяси жарияланымдардың бірі. Коммунистік лиганың тапсыруымен коммунистік ойшылдар Карл Маркс пен Фридрих Энгельстер тарапынан жазылған бұл шығарма Лиганың мақсаты мен бағдарламасына айналды. «Манифест» буржуазиялық әлеуметтік жүйені құлатып, жеке меншікті құртып, біртіндеп тапсыз және мемлекетсіз қоғамды орнататын, жұмысшы табы жүзеге асыруға тиіс төңкеріс жасауды ұсынды.
Кітаптың ауторлары ретінде Карл Маркс пен Фридрих Энгельстің екеуінің де есімдері келтірілсе де, Енгелстің өзі «Манифестің» 1883 жылғы неміс басылымының кіріспесінде оны «негізінен Маркстің еңбегі» екенін және «басты ойлары Маркстан бастау алады» деп атап өтеді.[1]
«Манифестің» өзінде болса оның мәтінін түрлі елдерден Лондонда жиналған коммунистер құрастырған делінген.[2]
«Коммунистік партияны манифесінің» 1848 жылғы алғашқы басылымы Лондонда неміс тілінде шыққан. Ағылшын тіліне 1850 жылы Һелен Мак-Фарлейн аударған. 1872-1890 жылдар аралығында Манифест бірнеше басылым болып шықты. 1872 жылғы неміс, 1882 жылғы орыс, 1883 жылғы неміс, 1888 жылғы ағылшын басылымдарына Марксм пен Енгелс жаңадан тың кіріспелер жазған. 1888 жылғы ағылшын аудармасын Сәмүел Мур Енгелстің көмегімен дайындаған, сол кезден бері «Манифестің» ағылшын тілінде ең көп қолданылатын басылымы осы.
«Манифест» кіріспеден, үш бөліктен және қорытындыдан тұрады.
Кіріспе коммунизмді елеспен теңейтін салыстырумен басталады. Бүкіл Еуропа бойынша ол елесті жек көреді, бірақ ешкім түсінбейді, сондықтан коммунистер осы «Манифест» арқылы өз көзқарастарын білдіруге тиіс делінеді.
«Буржуазия және пролетариат» деп аталатын бірінші бөлімде Маркс ашқан тарихи материализмнің басты ойлары келтіріледі:
Одан әрі бірінші бөлімде капитализм тұсындағы тап күресі өндіріс құралдарына иелік ететін жоғарғы тап немесе буржуазияның және күнкөріс үшін еңбек ететін, яғни жұмысшы тап немесе пролетариаттың арасында өтетінін алға тартады. Маркс пен Енгелстің айтуынша, буржуазия феодализмді күйретуде маңызды роль атқарған болса да, капитализм тұсында өндіріс күштері мен өндірістік қарым-қатынастардың арасында қарама-қайшылық туғызу арқылы капитализмнің болашақта күйреуіне алғышарттар жасайды:
«Коммунистердің басқа оппозициялық партияларға қатысты көзқарасы» деп аталатын соңғы бөлімде коммунистердің 19-шы ғасырдың ортасындағы елдердегі орын алып отырған күрестегі көзқарастарын қысқаша сипаттап өтеді. Бөлімнің соңында қимыл жасауға деген үндеу бар:
Үлгі:Marx/Engels
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.