Комор аралдары (ком. Komori; араб.: جزر القمر‎, фр. Les Comores) — Үнді мұхитындағы архипелаг. Аумағы 2,2 мың км². Комор аралдары 4 үлкен және 2 кішкентай аралдан тұрады:

  • Нгазиджа (Гранд-Комор)
  • Анжуан (Ндзуани)
  • Мвали (Мохели)
  • Майотта (Гранд-Терр, Маоре)
  • Паманзи (Пти-Терр)

Quick Facts Сипаттамасы, Орналасуы ...
Комор аралдары
араб.: جزر القمر‎, фр. Les Comores
Сипаттамасы
Аралдар саны33
Ірі аралыНгазиджа
Жалпы ауданы2238 км²
Ең биік нүктесі2361 м
Тұрғындар 900 000 адам
Халық тығыздығы402,145 адам/км²
Орналасуы
12°08′24″ о. е. 44°15′00″ ш. б.12.14000° о. е. 44.25000° ш. б. / -12.14000; 44.25000 (G) (O) (Я) (T)
АкваторияҮнді мұхиты
Елдер Коморлар
 Франция
Thumb
Комор аралдары
Комор аралдары Ортаққорда
Close
Thumb
Комор аралдарының картасы

Комор аралдары

Ресми атауы: Комор аралдары Федералды Ислам Республикасы
Комор аралдары (арабтың Жәбел әл-Комор – "ай аралдары" деген сөзінен шыққан) – Үнді мұхитының Мозамбик бұғазындағы алты аралда, Мадагаскар аралы мен Африика ның ортасында орналасқан мемлекет.
Астанасы: Мортони қаласы, тұрғындары 40 мың адам (2005).
Әкімшілік бөлінісі: 4 округтен тұрады.
Көлемі: 2171 км2
Мемлекеттік тілі: араб және француз тілдері.
Діні: ислам (сүниттер – 95%), индуизм, католтцизм, протестантизм, дәстүрлі наным-сенімдер.

Халқы

600 мың адам (2001). Этникалық құрамы: коморлықтар (малагасилықтар мен Африка жағалауынан келгендермен араласып, сіңісіп кеткен арабтардың ұрпақтары).

Табиғат жағдайы

Комор аралдары жанартаулардан түзілген, таулы келеді. Елдің ең биік нүктесі – сөнбеген жанартау Картала тауы (2361 м).
Климаты тропиктік ылғалды, ыстық. Жауын-шашын мөлшері шамамен 3000мм-дей.
Жер қойнауында табиғи қазба қорлары жоқтың қасы.

Өсімдіктер дүниесі

Кофе, банан, кокос пальмасы, қант құрағы, қалампыр өседі.

Жануарлар дүниесі

Ливингстон жарқанаты сияқты сирек кездесетін жәндіктер бар.

Тарихы

Ежелгі дәуірде Комо́р аралдарына Азиядан шыққан халықтар келіп, осы жердегі байырғы тұрғындармен араласып, сіңісіп кеткен. V ғ. аралдарға малай-полинезиялық келімсектер қоныстана бастады. VII ғ. жергілікті тұрғындар осында жүзіп келген арабтардан ислам дінін қабылдай бастады. Голланд теңіз капитаны К.Хаутман Комо́р аралдарын 1598 ж. ашты. XIX ғ. Коморды Франция жаулап алды. 1947 ж. Комо́р аралдары Францияның теңіз сырты аумағына айналды. 1961 ж. аралдар өзін-өэі басқару құқығын иемденді. 1975 ж. тәуелсіздігін жариялады. 1976 ж. мемлекеттік төңкеріс болды. 1978 ж. Елбасы Суалихт француз жалдамаларының қолынан қаза тапты. Елде Федереалды Ислам Республикасы құрылды. 1989 ж. мемлекет басшысын француз жалдамалылары тағы өлтіріп, мемлекеттегі билік француз әкімшілігіне өтті. 1990-1992 жж. укіметке қарсы тқңкерістің алдын алды. 1999 ж. мемлекеттік төңкеріс нәткжиесінде барлық мемлекеттік институттар таратылып, уақытша конституция қабылданды. Анжуан және Мохели аралдарына автономия берілді.

Саяси құрлымы

Комор аралдары – БҰҰ-ның, Халықаралық валюта қорының мүшесі.
Мемлекеттік құрлымы – республика.
Мемлекет басшысы – президент. Атқарушы билік Үкіметтің қолында.
Заң шығарушы орган – қоспалаталы парламент – Сенат және Федералды жиналыс.
Саяси партиялары: Демократия және даму жолындағы қозғалыс, Жаңғырту және демократиялық іс-әрекет қозғалысы, Даму үшін ұлттық бірлесу қозғалысы.

Экономикасы

Комор аралдарының экономикасының негізін ауыл шаруашылығы құрайды. Қалампыр, ваниль, кокос пальмасын өсіреді. Ағаш тақтай даярлайлы. Балық ауланады. Мал шаруашылығымен айналысады.
Экспорт: ваниль, қалампыр, иланг-иланг, эссенция, копра, кофе.
Импорт: Мұнай өнімдері, автомобильдер, цемент, болат, көлік құралдары, күріш, халық тұтынатын өнімдер, азық-түлік.
Саудадағы негізгі әріптестері: Франция, АҚШ, Бразилия, Кения, Ботсванв, Оңтүстік Африка Республикасы және т.б.
Ақша бірлігі – комор франкі.

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.