From Wikipedia, the free encyclopedia
Компьютерлік төңкеріс - компьютерлердің және компьютерлік технологияларды кеңінен қолданумен байланысты төңкеріс; XX ғасыр соңынан ғылым, мәдениет, технология және адам өмірінің басқа да әртүрлі салаларын қамтиды. Төңкерістік ілгерілеу алдымен, ғылымда және техникада, кейіннен FTT символына айналған сандық электронды-есептеу машиналарының (ЭЕМ, компьютерлер) қолданылуымен әлеуметтік процесте жүзеге асырылды. Олардың пайда болуы адамның қисынды ойлау қабілетін біртіндеп машинаға беру, сол арқылы болашақта өндірісті кешенді автоматтандыруға және басқаруға өту көзделуде.
ЭЕМ пайда болғаннан үшінші мыңжылдыққа дейін бірнеше ұрпақ алмастырды.
Компьютерлік төңкерісте ЭЕМ-ның аппаратурасының ілгерлеуі мен бағдарламалық қамтуынан өзге ЭЕМ-ның коммуникациялық құралдары (Интернет, Интранет) өте үлкен рөл атқарды. Байланыс құралдары - бұқаралық ақпарат таратудың және мемлекеттік басқару жүйесінің барлық деңгейін ақпарат ағынымен қамтамасыз етудің күшті құралы. Компьютерлік төңкерістің салдарына ақпарат ағынының көшкініндей сипатталатын "ақпараттық жарылысты" жатқызуға болады. Құрылымдандырылмаған ауқымды ақпарат көлемін автоматты түрде кабылдауға, жіберуге қабілетті ірі көлемді ақпараттық жүйені қалыптастыру (Интернет, БАҚ, кітапханалар және т.б.) көптеген елдердің ұлттық бағдарламаларының шеңберіндегі компьютерлік төңкерістің стратегиялық бағыты болып табылады.
Кейбір зерттеушілер компьютерлік төңкерісті бірнеше кезеңге бөледі: Бірінші кезең - сандық, ол жеке компьютерді бұқаралық қылды және оны миллиондаған адамдардың меңгеруіне жағдай жасады. Екінші кезеңде басқару мен бизнестің басқару жүйелеріне автоматтандырылған жүйелерді енгізумен сипатталатын компьютерді қолданудың сапалық жағына ауысты. Интернеттің таралуы салдарынан әлемге терезе кеңінен ашыла бастады (Интернет, интернет-экономика, қашықтан оқыту және өздігінен білім алу және т.б.), ұжымдық жұмыс құралына айналды (интернет-мәжілістер, үлестірілген зерттеулер, өндірістер және т.б.).
Алдағы бірнеше жылда ЭЕМ процессорларын жасау 10 гигагерц шамасынан асады, тұтынушылардың жұмыс столдарында 1990-шы жылдардың интеллектуалды интерфейсімен (тұтынушының "бет бейнесін ажырату" және даусынан тану) және жайпақ мониторы бар суперкомпьютердің сымсыз баламасы тұрады. Одан кейін бізді компьютерлік әлемде кванттық төңкеріс күтіп тұрған болуы мүмкін, оның сандық және сапалық салдарын бүгінгі күні болжау қиын. Өркениет жетістіктерінің тең жартысы соңғы жарты ғасыр еншісінде, оны тікелей осы компьютерлік төңкерістің салдары деп қорытынды жасауға негіз бар.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.