Консерватизм
From Wikipedia, the free encyclopedia
Консерватизм (фр. соnservatisme, лат. conservo - сақтаймын, қорғаймын) - саяси және әлеуметтік философиялық ұстаным ретінде дәстүрлі әлеуметтік институттардың сақталуын қолдайды. Бағдарлардың, ұстанымдардың, қоғамның мемлекеттік-саяси жүйелерінің өміріне қатысты, ондағы адамның орнын анықтауға байланысты құндылықтардың әлеуметтік-философиялық және идеологиялық тұжырымдар жиынтығы. Консерватизм ұғымын алғаш рет саяси мағынада Франсуа Рене де Шатобриан пайдаланған.[1] Консерватизм жақтастарының қоғамда орнығып қалған дәстүрлер мен құндылықтарды сақтап, түбегейлі өзгерістерден бас тартатындығымен ерекшеленеді. Доктрина және идеология ретінде консерватизм өздерін консервативті деп атайтын партиялардың іс-әрекеттерінің бағыттарымен сәйкес келе бермейді. Термин әдетте оңщыл топтарды сипаттауда пайдаланылады. Консервативті саясатты анықтауда универсалды қағидалары жоқ. Себебі консервативтіліктің негізі болатын дәстүрлер жергілікті жағдай мен уақытқа тәуелді болады. Соған байланысты әлемнің әртүрлі түкпірінен шыққан консерваторлар бір мәселе бойынша ортақ пікірде болмауы мүмкін. 18 ғасырда өмір сүрген Эдмунд Берк Ұлыбритания консерватизмінің негізгі ойшылдарының бірі болған.[2]