Коэффициент
From Wikipedia, the free encyclopedia
Коэффициент(лат. co – бірге, бірлесіп және effіcіens – жасап шығаратын) – әріптік өрнектегі сандық көбейткіш, белгісіздің кез келген дәрежесіндегі белгілі көбейткіші немесе айнымалы шаманың тұрақты көбейткіші. бірмүшелігіндегі Коэффициент–3/4; х2+2рх+q=0 теңдеуіндегі х2-тің коэффициенті 1, ал х-тің Коэффициенті 2р-ға тең; l=2r формуласындағы коэффициент 2-ге тең болады. у=kx+b түзу сызық теңдеуіндегі Коэффициент саны бұрыштық Коэффициент деп аталады. Ол түзудің Ох осіне еңкею бұрышының тангенсін көрсетеді. Физика заңдарды өрнектейтін формулаларда Коэффициенттің айрықша аттары болады, мысалы, үйкеліс Коэффициенті, көлемдік ұлғаю Коэффициенті, т.б.