Кпелле (кпесе, герзе, песси)[1] — Батыс Африкадағы халық. Орталық және Солтүстік Либерияда және Гвинеяның оңтүстік-шығысында тұрады. Жалпы саны 1,2 млн.адам. Либерияда 758 мың адам (2008 ж., бағалау) Гвинеяда 514 мың адам.[2]
Тілі
Тілі - кпелле тілі, манде тілдер отбасының оңтүстік тобына жатады.[3] Жазуы 1960 жылдан бастап латын әліпбиіне негізделген.
Діні
Дәстүрлі нанымдарды ұстанады, бір бөлігі-сүнниттік мұсылмандар, христиандар және синкреттік культтердің жақтаушылары.[4]
Кәсібі
Негізгі дәстүрлі кәсіптері -қолмен атқарылатын егіншілік (кассава, таро, күріш, жүгері, кола ағашы), майлы пальма жемістерін жинау, аң аулау, балық аулау, кофе, какао, гевея және хин ағашы да өсіріледі. Қолөнерден -темір ұстасы, керамика, тоқу, тоқымашылық, ағаш ою дамыған.[5]
Өмір салты
Дәстүрлі қоғамдық ұйымға көп балалы отбасылар, туыстық есепке патрилинейлік, құпия одақтарға (ерлер – поро, әйелдер – санде) кіреді. Неке қонысы вирилокалды болып табылады. Полигиния, левират, кездеседі.
Дәстүрлі наным-сенімдерге ата-бабалар культі (кофо, гофо), табиғат күштері, тотемизм, фетишизм, сиқыршылық пен бақсылыққа сену жатады.
Олар шағын ауылдық қауымдастықтарда тұрады, елді мекендердің орталығында олардың ата-бабаларының қабірлері бар. Үйлері балшықпен сыланған дөңгелек, шөп немесе сабан төбесі бар конустық болып келеді.
Дәстүрлі киімдері - жамбасты жауып тұратын таңғыш.
Негізгі тағам - күріштен, жүгеріден, ащы көкөніс дәмдеуіштері мен пальма майынан жасалған жармалар мен бұқтырылған тағамдар.[6]
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.