Кэролайн Лавиния Скотт Гаррисон (ағылш. Caroline Harrison; 1 қазан 1832 жыл25 қазан 1892 жыл) – Америка Құрама Штаттарының жиырма үшінші президенті Бенджамин Гаррисонның әйелі және 1889-1892 жылдары аралығында АҚШ-тың Бірінші ханымы.

Quick Facts Лауазымы, Ту АҚШ-тың Бірінші Ханымы ...
Кэролайн Гаррисон
Caroline Harrison
Thumb
Лауазымы
Ту
Ту
АҚШ-тың Бірінші Ханымы
4 наурыз 1889 жыл — 25 қазан 1892 жыл
Ізашары Френсис Кливленд
Ізбасары Мэри Гаррисон
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 1 қазан 1832 (1832-10-01)
Оксфорд, Огайо
Қайтыс болуы 25 қазан 1892 (1892-10-25) (60 жас)
Вашингтон, АҚШ
Жұбайы Бенджамин Гаррисон
Балалары Рассел Бенджамин Гаррисон, Мэри Скотт Гаррисон
Қолтаңбасы Thumb
Close

Өмірбаян

Кэролайн Скотт 1 қазанда 1832 жылы Оксфорд, Огайо штатында дүниеге келді. Ол Джон Скоттың және Мэри Потс Нил-Скоттің екінші қызы болды. Университеттегі оқуы кезінде ол Бенджамин Гаррисонды кездестіреді. Осы кезден олардың қарым-қатынастары басталады. Олар бір-бірімен он жыл бірге жүріп, 1853 жылы 20 қазанда үйленеді.

1889 жылы Гаррисон Америка Құрама Штаттарының президенті болып сайланады, ол отбасымен бірге Ақ үйге көшеді. Жаңа Бірінші ханымның басшылығымен Ақ үйде жуынатын бөлмелер кеңейтілді, жаңа сантехника орнатылды, жаңа суреттер ілінді. 1891 жылы Ақ үйге электр тоғы өткізілді. Сондай-ақ Кэролайн қамқорлыққа белсеңді түрде ақша жинады.

1891 жылдың соңында Кэролайн Гаррисон туберкулезбен ауырып қалады. Ол өзінің қомқорлық шараларын жалғыстыруға тырысты, алайда оның жағдайы нашарлап, ол 1892 жылы 25 қазанда қайтысс болады. Гаррисон күйеуінің екінші мерзімге сайлауды жеңілудің алдында қайтыс болды. Қалған президенттілік меизімінде Бірінші ханымның міндеттерін оларды қызы Мэри Гаррисон атқарды. 

Балалар

Кэролайнның үш баласы болды:

  • Расселл Бенджамин (1854—1936).
  • Мэри Скотт (1856—1930).
  • Үшінші қызы 1861 жылы дүниеге келіп, сол жылы қайтыс болады.  

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.