Кіші аққұтан
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кіші аққұтан (лат. Egretta garzetta) – ескекаяқты құстар отряды, құтандар тұқымдасына жататын құс.
Кіші аққұтан | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
E. g. garzetta
| ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Egretta garzetta (Linnaeus, 1766) | ||||||||||||||
Subspecies | ||||||||||||||
E. g. garzetta |
Негізінен Еуропаның оң түстік бөлігін, Солтүстік Кавказды, Еділ өзенінің төменгі сағасын, Азияның оң түстігін мекендейді. Жерорта теңізінде қыстайды. Қазақстанда Каспий теңізінің сол түстігінде Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында кездеседі. Дене тұрқы 62 см, қанатының ұзындығы 32 см, қанатын жайғанда ұзындығы 110 см, құйрығының ұзындығы 32 см. Қауырсынының бәрі ақ түсті. Көзі сары, тұмсығы, аяғы қара, аяғындағы буындары жасыл-сарғыш түсті болады. Жыл құсы. Мамыр айында ағаш басына ұя жасап, оған 4 – 6 жұмыртқа салады. Балапандары маусымның басында пайда болып, шілденің басында ұядан ұшып шығады. Кіші аққұтандар шоғыр (колония) құрып тіршілік етеді. Негізінен ұсақ балықтармен, кейде қосмекенділермен, моллюскалармен, су жәндіктерімен және ұсақ кеміргіштермен қоректенеді. Бұлардың тіршілігіне қамыс құладыны, сұр қарға көп қауіп төндіреді. Олар Кіші аққұтандың ұясын бұзып, жұмыртқаларын жеп кетеді.Сырдарияда мекендеген.Қазір Қазақстанда бар-жоғы 500-дей құс ұялады.Санының төмендеу себептері -басқа қанаттыларға әсер ететін жағдайлар Кіші аққұтанның саны жылдан-жылға азаюда, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.[2]