From Wikipedia, the free encyclopedia
Кәмелеттік жасы — кемелденгендік, толысқандық, адамның бойы өсіп, бұғанасы қатқан, ақыл-ойы, рухани-моральдік жағынан жетілетін шағы. Бұл кезде адам қайратты, алға қойған мақсатын орындап шығарлықтай жігерлі, төзімді келеді. Балалық шақтағыдай албырттық пен қызуқандылыққа бой ұра бермей, байсалды, салмақты бола бастайды. Кәмелеттік шақта адамның бойындағы барлық қабілет-мүмкіншіліктері мейлінше ашыла бастайды[1].
Заң нормаларына сәйкес толық азаматтық қабілеттілік басталатын жас мөлшері. Сонымен қатар бұл жасқа жетумен бірге басқа құқықтар мен міндеттер пайда болады. Кәмелеттік жасқа жетпегендер неке қиғанда немесе заң белгілеген жастан бастап ерекше жағдай болғанда азаматтық қабілеттілікке ие болады, бірақ әдеттегіде дауыс беру, бала асырау және қамқоршы болу құқықтары берілмейді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.