Көгілдір грот (Капри)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Көгілдір грот (итал. Grotta Azzurra — «зеңгір грот») — Капри (Италия) аралының солтүстік жағалауында орналасқан үңгір.
Гроттың ұзындығы - 56 метр, ені - 30, күмбездің су деңгейінен биіктігі - 15 метр, кіре беріс биіктігі - 1,3 метрге дейін. Үңгірдің теңіз жағынан қарай бір ғана кіреберісі бар, сондықтан үңгірге тек қана қайықпен кіруге болады. Кіреберісі төмен орналасқандықтан, дауыл кезінде оған кіруге мүмкін емес. Гроттың басым бөлігін теңіз суы басқан, ішіне түскен күн сәулелері суға және үңгірге әдемі көкшіл түс береді.