Көкек
From Wikipedia, the free encyclopedia
Көкек, – көкектәрізділер отрядының бір тобы. Қазақстанның барлық облыстарында кездесетін кәдімгі көкек және Оңтүстік Алтайда ғана мекендейтін меңіреу көкек бар. Дене тұрқы 25 – 40 см. Қауырсыны айқын түсті емес, аяқтары 4 бармақты (екі-екіден қарама-қарсы біткен), ағаш басында жүруге бейім. Көкектер тіршілігін, негізінен, ағаш, бұта басында өткізеді. Олардың Қазақстанда кездесетін түрлері ұя салмайды (басқа құстардың ұясын пайдаланады), балапан баспайды. Көкек балапанының арқасына өте сезімтал бүртік пайда болады. Осы бүртікке басқа зат жанасса-ақ балапан оны лақтырып тастауға бейімделе қалады. Көкектер, негізінен, зиянкес түкті жұлдызқұрттармен қоректенеді. Сондай-ақ олар орманның зиянды жәндіктерін жеп пайда да келтіреді. Көкекті халқымыз аты жоқ құс деп те атайды, өйткені ол өз атын өзі шақырады.
Көкектер – жыл құсы. Олар жылы жақтан біздің республикамызға сәуір айында ұшып келеді. Бұл айда қар кетіп, күн жылынып, көкек шақыра бастайды. Қазақтың дәстүрлі күнтізбесіндегі сәуір айының көкек деп те аталуы осыған байланысты.[1] Көкектәріздестер отряды- үш отряд тармағынан құралған сан алуан құстардың отряды. Олардың әрқайсысында бір тұқымдастан болады, олар- сасықұс тұқымдастар, көкек тұқымдастар және бананжегіш тұқымдастар. Отрядта 44 туыстан 149 түрі бар. Қазақстанда тек қана көкектер кездеседі.
Көкек-көктем мен жаз айларында орман-тоғайға барған адам <<кө-көөк, кө-көөк>> деген әсем дауысты жиі естиді. Бұл - кәдімгі өз атын өзі шақыратын көкектің үні. Көкек орман санитары, себебі ол көптеген зиянкес жәндіктерді жояды, олардың ішінде тіпте басқа құстар жемейтін жәндіктер де баршылық.