From Wikipedia, the free encyclopedia
«Көгілдір банан» («Көк банан», фр. Banane bleue) — бұл Еуропаның экономикалық жағынан ең дамыған аймағын белгілеу үшін 1989 жылы француз ғалымы Роже Брюнемен ұсынылған термин.
Еуропаны белсенді және пассивті аймақтарға бөлуге шешім қабылдаған Брюне Еуропаның индустриалды дамыған бөлігін «Boom Banana» («гүлденіп жатқан, өркендеуші банан») деп атады, бірақ дыбыстың шығуында қателік болғандықтан, банан «көк» атанды. Атауындағы көк түс Еуро одақтың туының түсін де білдіреді.
«Көк бананмен» американдық Босваш, Чипитс, Сансан немесе Қытай мен Жапонияның азиялық мегаполистерінен асып озатын, ерекше экономикалық маңызы бар Батыс Еуропа аумағы белгіленеді. Еуропадағы ең тығыз қоныстанған аймақ (шамамен 110 миллион адам). «Көк банан» табиғи экономикалық және географиялық факторларға байланысты қалыптасқан.
Көк бананның солтүстік шеті Манчестер мен Бирмингем маңындағы болат және көмір индустриясының ескі орталықтарында орналасқан. Әрі қарай, «көгілдір банан» оңтүстік бағытта Ұлыбритания мен Лондон агломерациясы арқылы өтеді. Өзінің иілуін банан Бельгияның солтүстік бөлігін (Фламандиялық ромб, Валлония жотасы), Нидерландтың оңтүстік бөлігін, Рандстадты, Рур аймағын, сондай-ақ Дюссельдорф пен Кёльн-Бонн агломерациясын қамтып жасайды. Кейін «көгілдір банан» Майндағы Франкфуртті қоса алып Рейн бойымен, одан әрі Рейн-Неккар мен Штутгарт метрополиялары арқылы, әрі қарай Швейцария арқылы Италияның солтүстік-батысына, Турин, Милан және Генуя қалаларына дейін жетеді.
Осы идеяның дамуына сондай-ақ «алтын банан» деп аталатын модель де ұсынылды. «Алтын банан» «көк бананнан» түзіліп, Жерорта теңізі жағалауы бойымен (Ницца, Марсель, Монпелье және Барселона қалаларымен) Испанияның Валенсиясына дейін жалғасады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.