Көк ет

From Wikipedia, the free encyclopedia

Көк ет

Көк ет, диафрагма (грек. dіaphragma – перде), биологияда – сүтқоректілер мен адамдағы кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын етті-шандырлы перде. Көк ет тыныс алу процесіне қатысады, кеуде мен құрсақ қуысындағы қысымды теңестіреді, төменгі және жоғарғы қуыс венадан қанның оң жақ жүрекшеге баруын реттейді, асқазанның жоғарғы бөлігіндегі және ішектегі газдың жылжуын қамтамасыз етеді. Көк ет демді сыртқа шығарғанда, көкірек қуысына қарай дөңестенеді де, ішке тыныс алғанда кері қарай жазылып, көкірек қуысының көлемін кеңейтеді. Көк еттің шет жағы етті, орта жері шандырлы болады. Жәндікқоректілер мен жыртқыш сүтқоректілерде шандырлы бөлігі нашар дамыған. Көк еттен қан тамырлары, әр түрлі жүйке, өңеш өтеді.

Дереккөздер

Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.