From Wikipedia, the free encyclopedia
Лана Мария Парри́я (сондай-ақ Парри́йя, Парри́йа, ағыл. Lana Maria Parrilla, 15 шілде 1977 жыл) – американдық актриса. ABC арнасының «Ертегінің бір мезетінде» сериалындағы Зұлым патшайым/Реджина Миллстың рөлімен танымыл болған.
Тексерушілерге нұсқаулықты оқу үшін оң жақтағы көрсет дегенді басыңыз. |
---|
Мақала тексерушілерге: мақаланы тексерілді деп белгілеу үшін бұл үлгіні алып тастаңыз. Мақаланы тіркелгеніне 6 ай болған, 500 өңдеме жасаған барлық қатысушылар және осы екі шарттың біреуін болсада қанағаттандыратын қатысушылар тексерілді деп белгілей алады. 2015 жылдың шілдесінен бергі тексерілмеген мақалалар мына санатта тізімделеді: Санат:Уикипедия:Тексерілмеген мақалалар. Осы айдағы тексерілмеген мақалалар санатын бастау. Осы айдағы тексерілді деп белгіленген мақалалар: https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Арнайы:Жуықтағы_өзгерістер&tagfilter=Тексерілді+деп+белгіледі Бұл мақаланы 2020-01-13, 15:30 кезінде (4 жыл бұрын) Kasymov (журналы | үлесі) соңғы рет өңдеді.
|
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін. (наурыз 2016) |
Лана Паррия Бруклин, Нью-Йоркта туып, сол жерде өсті. Ол жетпісінші жылдардың басынла «Филадельфия Филлис» тобында ойнаған бейсболист Сэм Паррияның қызы. Кіші кезінен бастап Лана актриса болуды армандады. Мектепті бітірісімен ол актерлік шеберлікті үйрену үшін Лос-Анджелеске көшеді. Содан соң ол жергілікті қойылымдарда ойнауды бастады.
Лана Паррия мансабының басында бірнеше фильмде түсіп, 2000 жылы ABC арнасының комедиялық сериалы «Спин-Ситида» ойнайды. Бұл жоба аяқталғаннан кейін 2001 жылы актриса Стивен Спилбергтің «Semper Fi» сериалының сынамалы эпизодында басты рөлді сомдайды. Алайда сериал көрермендердің көңілінен шықпағандықтан, ол жабылды.
2002 жылы Паррия NBC арнасының «Бумтаун» драмалық сериалында басты рөлді ойнайды, бірақ ол екі маусымнан кейін 2003 жылы жабылады.
2005 жылы Паррия «24» сериалының төртінші маусымында терроризммен күресетін агент Сара Гэвиннің рөлін ойнайды. Келесі жылы ол «Кенеттен пайда болған сәттілік» басты рөлді сомдайды, алайда ол да алдынғы жобалар сияқты бірінші маусымнан кейін жабылды. Сол жылы ол «Тірі қалу» сериалының екі эпизодында түседі. 2008 жылы ол CBS арнасының «Свингерлердің қаласы» жобасына қатысты, бірақ бұл көп кешікпей жабылды. Сол жылы Лана «Иесізденген» фильмінде басты рөлді сомдайды. 2010 жылы «Майами ауруханасы» сериалында түсті, бұл жоба көп ұзамай жабылды.
2011 жылдың басында Лана Поррия ABC арнасының «Ертегінің бір мезетінде» сериалында рөлді сомдайтын болды. Сериалда ол қалабасы Реджина Миллзті (бұрында Зұлым патшайым), басты кереғар кейіпкерді ойнайды. Жоба сыншылардан жақсы пікір алды. Сериал әлемде жетістікке жетіп, соның арқасында Паррия танымал болды. Паррияны көптеген сыншылар мақтап, оның «Эмми» сыйына лайықты екенің айтқан. Ол «Эмми» сыйлығын алған жоқ, бірақ «Сүйікті кереғар кейіпкер» номинациясында TV Guide сыйын ұтып алды және драмалық сериалдағы ең керемет рөл үшін ALMA сыйын алды.
2013 жылы Лана жігіті, Фред Ди Бласиомен сөз байласады. 2014 жылы ол оған тұрмысқа шығады.
Жыл | Атауы (қазақша) | Атауы (ағылшынша) | Рөлі | 1999 | Ересею | Grown Ups | Даяршы |
---|---|---|---|---|---|---|---|
2000-2001 | Спин-Сити | Spin City | Энджи Ордоньес | ||||
2002 | Әскери жұмыс | JAG | Лейтенант Стефани Донато | ||||
Қалқан | The Shield | Сидона Теллез | |||||
2002-2003 | Бумтаун | Boomtown | Тереза Ортис | ||||
2004 | Нью-Йорктың полициясы | NYPD Blue | Офицер Джанет Грэфтон | ||||
Клиент әрдайым өлі | Six Feet Under | Майли | |||||
2005 | 24 сағат | 24 | Сара Гэвин | ||||
2006 | Кенеттен пайда болған сәттілік | Windfall | Нина Шейфер | ||||
Тірі қалу | Lost | Грета | |||||
2008 | Свингерлер қаласы | Swingtown | Трина Деккер | ||||
2010 | Майами ауруханасы | Miami Medical | доктор Ева Замбрано | ||||
Құпия операция | Covert Affairs | Джулия Суарез | |||||
Медиум | Medium | Лидия Хэлстом | |||||
Қорғаушылар | The Defenders | Бетти | |||||
2011 | Аңду | Chase | Изабелла | ||||
2011 — қазіргі уақыт | Ертегінің бір мезетінде | Once Upon a Time | Зұлым патшайым/ Реджина Миллз |
Жыл | Атауы (қазақша) | Название на русском | Рөлі | 2000 | Өте сараң ерлер | Очень скупые мужчины | Тереза |
---|---|---|---|---|---|---|---|
Өрмекшілер | Пауки | Marci Eyre | |||||
2001 | Репликант | Репликант | Марси | ||||
2003 | Суытылған жұлдыздар | Замороженные звезды | Лиза Васкес | ||||
2005 | Соңғы саяхат | Последняя поездка | Антуанетта | ||||
2008 | Иесізденген | Обезличенная | Нелли |
Орыс уикипедиясынан аударылған.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.